423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда маңызды құжаттың мән-мазмұны талқыланды

  • 698

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған декларация «Нұр Отан» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалында талқыланды.

Жиынға қатысушылар маңызды құжаттың мазмұнына тоқталып, оның мерейлі жылы қабылданғанын ерекше атап өтті. Бұл – Тәуелсіз Қазақстанның 3-ші декларациясы. Онда еліміздің саяси-экономикалық жетістіктері баяндалған.

Болат Сағындықов, Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы:

- 25 жылдың ішінде еліміздің саясатта, экономикада, әлеуметтік өмірдегі жетістіктері ұлан, ұшан-теңіз. Енді оның барлығы аспаннан түскен жоқ. Бірінші халқымыздың бірлігі, достығы, татулығы, түсіністігі. Екіншіден, осыны ұйымдастырып отырған Елбасымыз, Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі. Сол декларацияда 25 жылдағы жеткен жетістіктер айтылады.

Хабар 24 телеарнасы