427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында әйелдер қауымы марапатталды

  • 831

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай елге еңбегі сіңген жамбылдық 25 әйел марапатталды.

Алғысқа кенелген нәзік жандылар арасында көп балалы аналар, іскер әйелдермен қатар, қарапайым жұмысшылар да бар. Олардың әрқайсысы түрлі салада қызмет етіп, өңірдің өсіп-өркендеуіне өзіндік үлес қосқан жандар. Белсенді арулар «Әйел. Қоғам. Болашақ» атты облыстық әйелдер форумына қатысып, ізгі тілектерін жеткізді. Шара барысында ел дамуы жолында еңбек етіп, қажыр-қайрат танытқан қарт әжелерге «Аңыз әйел» атағы берілді. Сонымен қатар, 10 ана «Алтын» және «Күміс» алқа иегері атанды.

Бақытгүл Нұралиева, «Күміс» алқа иегері:

- «Отан отбасынан басталады» деп бекер айтылмаған. Адам баласына берілетін тәрбие негізі отбасында қалыптасып, үлкен өмірге де осы шаңырақтан қанаттанады. Ұрпақтарымыздың бүгінде тәуелсіз елде жақсы тәрбие, оқып-білім алуына бар мүмкіншілік жасалған. Өзім ұстаз болғандықтан көпбалалы ана ретінде болашақта жас ұрпағымыз еліміздің өркендеуі мен даму жолында еңбек етеді сенемін.

Хабар 24 телеарнасы