Павлодар жастары да күй флешмобына өз үнін қосты.
Облыс орталығындағы ең ірі сауда кешенінде музыкалық колледж студенттері Құрманғазының «Сарыарқа» күйін шабыттана шарықтатты. «Бұл – қазақтың дәстүрлі музыкасындағы шоқтығы биік шығарманың бірі. Ұлттық өнерімізді ұлықтаған «Сарыарқа» күйі ата-бабаларымыздың еркіндікке, азаттыққа деген құлшынысының көрінісі іспетті», - дейді шараны ұйымдастырушылар.
Хафиз Ғабит, Жастар бастамаларын қолдау орталығының инспекторы:
- Осы «Сарыарқа» күйі – барлық қазақтың болмысын ашатын күй. Сондықтан мінекей аңсап өткен Тәуелсіздігімізге қуанып, бабаларымыздың арманын орындап, іске асырып, ойын-сауық жасап, халықтың алдында ойнап, күліп жүрміз. Павлодар жастары өнерге жақын. Күй десе, жанын береді. Оны өздеріңіз байқап тұрған боларсыздар.