384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан мен Нидерланд ынтымақтастықты жалғастыра береді

  • 370

Тығыз инвестициялық ынтымақтастық орнатқан Қазақстан мен Нидерланд елінің әріптестікті одан әрі дамытуға әлеуеті зор.

Бұл туралы Гаагада біздің мемлекетті 25 жылдық Тәуелсіздігімен құттықтаған Голландия экономика министрлігіндегі Аграрлық кәсіпкерлік департаменттің директоры Михел Ван Эркель мәлімдеді. «Мұнай мен инфрақұрылым саласынан бөлек, аграрлық кәсіпкерліктегі инвестициялық ынтымақтасық Қазақстанда бірлескен ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға мүмкіндік береді. Бұл үшін елде барлық жағдай жасалған» - дейді Михел Ван Эркель.

Михел Ван Эркель, Нидерланд экономика министрлігінің департамент директоры:

- Қазақстан Республикасын мерекесімен құттықтаймын. Меніңше соңғы 20 жылда сіздер өте көп жетістікке жеттіңіздер. Ал екіжақты қарым-қатынас саласындағы ынтымақтастық бізге келешекте қазіргіден де жақсы нәтижелерге жетуге мүмкіндік туғызып отыр. Біз бұл мерекені қазақ халқымен бірге тойлаймыз және келесі жылы өтетін ЕХРО көрмесінде екі елдің 25 жылдағы ынтымағының жемісін көрсетеміз.

Хабар 24 телеарнасы