423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тұтас ғасырға тең 25 жыл

  • 660

Елбасының қатысуымен өткен Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиынды мыңдаған жамбылдық көгілдір экран арқылы көрді.

Әулиеаталықтарды қуантқан қос жаңалық: 2017 жылдың шілдесінен бастап зейнетақы мен бала тууына байланысты берілетін бірреттік жәрдемақы көлемі 20%-ға артуы болып отыр. Бұл жөнінде Президент мерекелік жиын кезінде мәлімдеді. Ол бала туу көрсеткішін арттыруға сеп болмақ. Қазірдің өзінде оның деңгейі Тәуелсіздік алған жылдармен салыстырғанда 55%-ға өскен. Білім беру саласы да серпіліс жасайды. Жаңа жылдан бастап жастарға техникалық білім тегін беріледі. Осының арқасында әр қазақстандық белгілі бір техникалық мамандық иесі болмақ. 

Қалдыгүл Қожакерімова, мұғалім:

- Көңілмен, жақсы тұжырыммен қабылдадық. Өйткені бұл Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығындағы істеген ересен еңбектері, Елбасымыздың жолымен жүріп, артынан ілескен бүкіл қазақ еліміздің, Қазақстандағы халқымыздың істеген еңбектерінің нәтижесі деп білеміз.

Хабар 24 телеарнасы