389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанды соңғы 25 жылда бүкіл әлем танып білді

  • 1168

Қазақстанды соңғы 25 жылда бүкіл әлем танып білді.

Қазақ елі тәуелсіздік пен аумақтық  тұтастығын және мемлекет тұрақтылығын сақтап, құлдыраған экономиканы аяғынан тік тұрғызды. Италиялық сарапшы Алессандро Лундинидің айтуынша, бұл жаңа мемлекеттердің бәрі бірдей жете бермейтін үлкен жетістік. «Сондықтан Қазақстанның халықаралық сахнадағы беделі еш талас тудырмайды» - дейді маман.

Алессандро Лундини, Италия жоғары геосаяси зерттеулер институтының ғылыми қызметкері:

- Қазақстан елі экономикада едәуір жетістіктерге жетіп, сенімге ие болды. Дүние жүзі қауымдастығы алдында ол өте жақсы өзгерді. Қазір қазақ елі - маңызды, тұрақты мемлекет. Сондай-ақ, қақтығыс кезінде арағайын бола алатын сенімді серіктеске айналып отыр. Бұл ел басшылығының еңбегі, Қазақстанның көпвекторлы саясатының жемісі.

Хабар 24 телеарнасы