425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Нұр Отан» партиясы сарапшылар клубының мүшелері Елбасы Жолдауына қатысты ой-пікірлерімен бөлісті

  • 716
  • UPD: 12:32, 09.02.2017

Конституциялық реформаға сәйкес Парламентке берілетін пәрмен елімізде азаматтық қоғам орнатып, заң шығарушы билік тармағымен қарым-қатынасты жақсартады.

Алматыда бас қосқан «Нұр Отан» партиясы сарапшылар клубының мүшелері осылай дейді. Өйткені қолданыстағы заңдарға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар атқарушы билік тарапынан түседі. Ал көп жағдайда мұнда қарапайым халықтың пікірі мен ұсыныс-тілектері ескерілмей қалуы мүмкін. Саясаттанушылар бұған нақты мысал ретінде көпшілік арасында үлкен қоғамдық пікір туғызған Жер кодексі мен азаматтарды тіркеу туралы заңдарды алға тартып отыр.

Юлия Кучинская, «Нұр Отан» партиясы Саяси сараптама орталығының директоры:

- Үкіметтің тек Президент ғана емес Парламент Мәжілісі алдында да атқарып жатқан істері жайында есеп беруі маңызды бағыттардың бірі деп айтуға болады. Бұл бір жағынан Парламент Мәжілісінің халық алдындағы жауапкершілігін де арттырады. Өйткені Мәжіліс Үкімет құрамын жасақтауда Президентке кеңес бере алады және міндетін атқара алмаған Үкімет мүшелерін қызметінен босауына да ықпал ете алады. Саяси партияларды халық таңдады, ал оның өкілдері осы көпшіліктің пікірін ескеріп, тұрғындардың мүддесін қорғаушы күш болады.

Хабар 24 телеарнасы