433,40 515.14 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде агробизнестің 95%-ы ұсақ шаруа қожалықтарының еншісінде

  • 758
  • UPD: 21:42, 15.02.2017

«Ауыл шаруашылығы саласы отандық экономиканың драйверіне айналу үшін бір уақытта үш бағытты дамыту керек», - дейді қазақстандық аграрлық қызметкерлер.

Алғашқы кезекте 1 жарым миллион үй шаруашылығын ауыл шаруашылығы кооперативтеріне біріктіру қажет, одан ары қарай кем дегенде 2 миллион гектар тың жерді игеріп, биотехнология, сондай-ақ егіс алқаптарын қашықтықтан тексеру және энергоүнемдеуіштер сияқты жаппай инновациялық өңдеуді енгізу керек. Осы және басқа да ой-пікірлерді сарапшылар «Қазақстанның үшінші жаңғыруы – ғаламдық бәсекеге қабілеттілік» атты Президент жолдауын талқылауға арналған республикалық форумда ұсынды. Елімізде агробизнестің 95%-ы ұсақ шаруа қожалықтарының еншісінде. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы саласы Қазақстандағы ішкі сұраныстың бар болғаны 60%-ын ғана қамтамасыз етіп отыр. Осының нәтижесінде жыл сайын ел бюджеті 2 миллиард долларға кем орындалады екен.

Тілектес Есполов, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің ректоры:

- Ауылдан келген балалар әлем университетінен білім алып, ғылым-білімді игеріп отыр. Солар бүгін бизнес инкубаторды басқарып, стартаптарын жасап, қазірдің өзінде мына 6 облыспен тікелей жұмыс атқарып отырмыз. Ауылдың балалары, бүгінгі ғылымданған балаларымыз қолынан келетін олар бүгін өздерін жаңа бизнестерін дайындап отыр. Сол бизнес ертең ауылда ауданда облыстарда болу керек.

Хабар 24 телеарнасы