loader


Астанадағы «Шарықтасын Әнұран!» байқауына 200-ден астам тұрғын қатысты

«Шарықтасын Әнұран!» Елордада осындай ұранмен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай байқау ұйымдастырылды.

Жарыс қағидасы қарапайым. Яғни кез келген тұрғын Гимннің мәтінін жатқа айтса болғаны. Байқауға қатысқандардың барлығы дерлік қателеспестен Әнұранды шырқап берді. Сондай-ақ, мемлекеттік рәміздерге қатысты викториналық сұрақтар сайысы өтті. Шараға шамамен 200-ден астам тұрғын қатысты. Әсіресе, жастар белсенділік танытты. Ұйымдастырушылар қатысушыларды марапатсыз қалдырмады.

Бақытжан Жүнісбеков, қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы:

- Конкурс аясында жастар арасында әлеуметтік желіде кеңінен тараған manneguinchallenge флешмобы бар. Осы флешмобты да өткізу жоспарланып отыр. Бұл флешмобтың ерекшелігі, әрбір қатысушы адамның қолында мемлекеттік жалаушалар болады.

Сондай-ақ...