427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Универсиада: Қазақстан құрамасы командалық есепте екінші орынға қайта көтерілді

  • 2794
Универсиада: Қазақстан құрамасы командалық есепте екінші орынға қайта көтерілді

Алматыда өтіп жатқан 28-ші қысқы Универсиада ойындарында Қазақстан құрамасы командалық есепте қайта екінші орынға көтерілді.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды. Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының еншісінде жалпы 9 жүлде бар. Оның 3-еуі – алтын, 2-еуі күміс және 4-еуі қола жүлде.

Командалық сында Ресей құрамасы жеке-дара көш бастап тұр. Ресей спортшыларының еншісінде 22 жүлде (9 алтын, 8 күміс, 4 қола) бар. Үшінші орында Жапония құрамасы тұр. Күн шығыс елінің спортшылары 8 жүлде (2 алтын, 5 күміс, 1 қола) жеңіп алған.

Хабар 24 телеарнасы