366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Қауіпсіз өмір сүрудегі дрондардың көмегі

  • 20

Дрондардың қолғанат болар күні де алыс емес. Брюссельде өткізілген конференцияда әлемнің әр түкпірінен келген құтқарушылар осы құрылғыларды қолдану ісін талқыға салды. Бүгінде дрондар төтенше жағдайлар туындағанда адамдарға таптырмас көмекшіге айналды. Құрылғыларға орнатылған бейнекамералар арқылы өрт сөндірушілер отқа оранған ғимараттың ішіндегі жағдайды анықтай алады. Бұл үшін өмірін қатерге тігудің қажеті жоқ. Дронның көмегімен испан инженерлері өнеркәсіп нысандарындағы ақауды анықтайды. Италиялық құтқарушы квадрокоптер арқылы Генуядағы құлаған көпірді суретке түсіргенін, тіпті оның астында не барын тексергенін айтып берген.

Хабар 24 телеарнасы