378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Каир қаласының оңтүстігіндегі қорымнан 50 мумия табылды

  • 67

Мысырдағы Каир қаласының оңтүстігіндегі қорымнан 50 мумия табылды, деп жазады «Гардиан» газеті. Көне жәдігерлер жөніндегі жергілікті министрлік 2 мың жылдан асатын бұл зираттың Птолемей әулеті (біздің заманымызға дейінгі IV—I ғасырлар) әмір жүргізген кезеңге тиесілі екендігін мәлімдеп отыр. Бұл мумиялар - археологтардың биылғы ең ірі олжасы, дейді билік органдары. Некрополь Каирдің оңтүстігіндегі Эль-Минья провинциясында орналасқан. Мумиялар Туна-эль-Габал ауданындағы он метрлік зираттың отбасылық қорымына жерленіпті. Археологтардың сөзінше, олар түрлі жыныс өкілдері, оның ішінде 12-сі кішкентай балалар екен.

Хабар 24 телеарнасы