loader


Таеквондодан жастар құрамасының әлем чемпионатына дайындығы қандай? Тайм-аут!

Ел үздіктері елордаға жиналды. Бас қалада қазір таеквондодан 17 жасқа дейінгі ұлдар және қыздар құрамасы әлем чемпионаты алдындағы жаттығу жинынын өткізіп жатыр. Дүниежүзілік дода бірер күннен кейін Болгария астанасы София қаласында болады. Осы жаттығудың барысын көруге және көрсетуге «Тайм-аут» бағдарламасы арнайы келді.

2014 жылдан бері таеквондодан еліміз әлем чемпионаттарынан жарытып жүлде алмапты. Ал Олимпиададағы жағдай мен ондағы көрсеткіштер тіптен мүшкіл. 2008 жылдан бері құраманың қоржынында ешқандай жүлде жоқ. «Тайм-аут» бағдарламасының бүгінгі шығарылымында осы саладағы олқылықтарды көтеріп, қазіргі тыныс-тіршілігімен таныстырмақпыз.

«Тайм-аут» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.

Сондай-ақ...