429,76 515.14 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Лувр алаңындағы көрмеге қазақстандық фотосуретші Оспан Әлидің туындылары қойылды

  • 1571
  • UPD: 10:25, 30.05.2018
Лувр алаңындағы көрмеге қазақстандық фотосуретші Оспан Әлидің туындылары қойылды

26 наурыз күні Парижде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде фотосуретші Оспан Әлидің «Қазақстанның ырғақтары» атты Астананың 20 жылдығына арналған көрмесі ашылды.

Оспан Әли Астананы серпінді, сан қырлы және қызу деп көреді. Көрмеге қойылған суреттер арасында жас астананың ескерткіші саналатын сәулет ғимараттары ғана емес, еліккен жұмысшылар, талапкер жастар, сондай-ақ астананың құрдастары да бар. Сурет өнері арқылы Оспан Әли мәдениетіміздің әртүрлілігі мен ұлттық өзіндік ерекшілігін, сондай-ақ күнделікті өмірдің ырғақтарын жеткізгісі келді.

Бұдан бұрын Оспан Әли суреттері отандық фотоөнердің басқа мэтрларымен Carrousel du Louvre галереясында «Қазақстан сұлулығы» экспозициясында, сондай-ақ Миландағы EXPO-2015 көрмесіндегі Қазақстан павильонында қойылды.

Қазақстандық фотосуретшінің жұмыстары қала тұрғындары мен қонақтарын таң қалдырды, олардың көбі Қазақстанға баруға және біздің ел, оның табиғаты мен мәдениеті жайлы көбірек білуге ниет білдірді.

Фотокөрме 2018 жылғы 1 сәуірге дейін болады.

Ақпарат көзі: mfa.gov.kz

Хабар 24 телеарнасы