374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Чехиядағы қазақ студенттер Астананы туған күнімен құттықтады

  • Read 243 times
Чехиядағы қазақ студенттер Астананы туған күнімен құттықтады

Қазақстандық екі мыңнан астам студент халықаралық қатынастар, менеджмент, экономика және медицина секілді салалар бойынша Чехияда білімдерін жетілдіріп жүр.

Шетелдегі белсенді қазақ жастары Прагада бас қосты. Туған жерін сағынған олар Астананы туған күнімен құттықтады.

Дәл осындай әдемі басқосу Қазақстанның Чехиядағы елшілігінде жиі ұйымдастырылып тұрады. Елдегі соңғы хабар, ел үшін маңызы зор мереке – жиынға арқау болатын тақырыптың бір парасы. Талапты жастар бас қосқанда қазақтың қара домбырасы да сырт қалмайды.

Маржан Әділ – Прагадағы Қаржы және басқару жоғары мектебінің студенті. Талапты қыз Ұлттық домбыра күні туралы жарлықты да жырақта жүрген жастар үлкен қуанышпен қабылдағанын айтады. Болашақ қаржыгер қазіргі күні «Тарлан» деп аталатын студенттер бірлестігіне де жетекшілік етеді. Бұл ұйым шет елде жүрген қазақ жастарының жақсы атын қалыптастыруға әрітүрлі игі шараны ұйымдастыруға белсенді атсалысады.

Маржан Әділ, Прагадағы Қаржы және басқару жоғары мектебінің студенті:

- Бүгінгі жиында «Ерке сылқымды» орындадым, үйді сағынғанда қолыма қара домбырамды алатын әдетім бар. Домбыраның әуезді әрі сиқырлы үні сағынышымды басады. Бүгін біз Астанамыздың туған күні құрметіне бас қостық, еліміздің жүрегі саналатын жас қаламыз жасай берсін.

Халықаралық қатынастар, менеджмент, экономика және медицина: негізгі төрт сала бойынша Чехияда екі мыңнан астам қазақстандық студент білімін жетілдіріп жүр. Еуропаның дәл орталығындағы бұл елде отандық білім берудің сапасы өте жоғары деп саналады әрі чех тіліндегі оқу су тегін. Дәулет сияқты ағылшын тілінде де білім алуға жол ашық.

Дәулет Түймебай, Прагадағы Орталық университеттің студенті: 

- Біздің қазақ жастарының шет елде жүріп, басының бірге қосып, бірлікте болуы – әр қазақты қуантатын дүние. Бүгін біз Астанамыздың 20 жылдығына орай көп мәліметтер алмастық.

Студенттер жыл санап Астананың шет елдегі беделі артып келеді дегенді айтады. Бұл ретте жырақта білімін жетілдіріп жүрген қазақ жастарының да қосып жүрген көмегі көп. Олар өз оқу ордаларының қабырғасында Астана туралы ақпарат таратып, еліміз туралы оң пікірдің қалыптасуына ықпал етіп жүр. Чех білім министрлігінің мәліметі бойынша, 17 жыл ішінде Қазақстаннан Чехияға білім алу үшін келген жастардың саны 70 пайызға дейін артқан.

Авторлары: Аида Қыдырбай, Михаил Мищенко

back to top
Хабар 24 телеарнасы