374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астаналықтар тегін экскурсияға қатыса алады

  • Read 143 times
Астаналықтар тегін экскурсияға қатыса алады Astana CityPASS

29, 30 маусым және 1 шілде күндері аралығында елорда тұрғындары мен қонақтары сол жағалау бойынша тегін экскурсияға қатыса алады.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында және Астана қаласының 20 жылдығы күніне орай, 29, 30 маусым және 1 шілде күндері Астана тұрғындары мен қонақтары «Red Bus» автобустарымен Астананың сол жағалауымен тегін экскурсияға қатысу мүмкіндігіне ие болады, деп жазады astana.gov.kz.

Экскурсия «AiLand» (океанариум) ойын-сауық орталығынан және «Hilton Astana» қонақ үйінен басталады.

Экскурсия автобус ішіндегі дыбыс күшейткіштер арқылы қазақ және орыс тілдеріндегі аудиогидтер көмегімен жүзеге асырылады (бір рейс – қазақ тілінде, екінші рейс – орыс тілінде жүргізіледі).

Экскурсияны белгілі бір тілде ғана тыңдағысы келетіндер өздерімен бірге құлаққап алып келуі керек. Мерекелік тегін серуен кезінде құлаққаптар берілмейді.

Барлық сұрақтар бойынша call-орталыққа хабарласуға болады: +7 777 555 75 75, 77-90-99, 

Instagram: @redbus.kz.

«AiLand» аялдамасынан қозғалу уақыты:

- сағ. 10:00 (қазақ тілінде);

- сағ. 12:05 (орыс тілінде);

- сағ. 14:45 (қазақ тілінде);

- сағ. 16:50 (орыс тілінде);

- сағ. 18:55 (қазақ тілінде).

Ары қарай келесі аялдамалар болады: «Hilton Astana», «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы, «Hilton Astana», Ұлттық Музей және «Астана Бәйтерек» монументі.

«Hilton Astana» аялдамасынан қозғалу уақыты:

- сағ. 10:00 (қазақ тілінде);

- сағ. 12:05 (орыс тілінде);

- сағ. 14:45 (қазақ тілінде);

- сағ. 16:50 (орыс тілінде);

- сағ. 18:55 (қазақ тілінде).

Ары қарай келесі аялдамалар болады: Ұлттық Музей, «Астана Бәйтерек» монументі, «AiLand» (океанариум) ойын-сауық орталығы, «Хан Шатыр» СОСО және «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы.

back to top
Хабар 24 телеарнасы