365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Латвияның Елшісі халқымызды елорда мерейтойымен құттықтады

  • Read 185 times
Латвияның Елшісі халқымызды елорда мерейтойымен құттықтады

Латвияның еліміздегі елшісі Юрийс Погребнякс қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады.

Оның айтуынша, бас шаһар бірегей сәулетімен ерекше. Жаңадан бой көтерген әлеуметтік нысандар мен мәдени ошақтар қалаға ерекше сән беріп, қазақ елінің абыройын асқақтатып тұр.

Юрийc Погребнякc, Қазақстандағы Латвияның елшісі:

- Астана – өте жас, әдемі, қарқынды дамып келе жатқан қала. Жаңадан керемет саябақтар салынып жатыр. Сондай-ақ, тұрғындар мен қонақтар үшін опера және балет театры секілді мәдени нысандарға бару мүмкіндігі ұлғайды. Жақында өткен Астана экономикалық форумында қала әкімі Әсет Исекешовтың Астананың даму жоспары туралы баяндамасын тыңдадым. Бас қаланың дамуы ешқашан тоқтамаса екен деп тілеймін. Осы 20 жыл ішіндегі гүлдену елорданың болашақтағы дамуына серпін беріп, бүкіл Қазақстанның көркеюіне сеп болады деп ойлаймын.

back to top
Хабар 24 телеарнасы