369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет басшысы: Елордаға әр өңірді еске салатын орындар қажет

  • Read 232 times
Мемлекет басшысы: Елордаға әр өңірді еске салатын орындар қажет

Мемлекет басшысы Астананың 20 жылдығын мерекелеу туралы айтты.

Бұл туралы ҚазАқпарат Ақорданың Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазір Қазақстанның барлық өңірлері Астананың 20 жылдығын тойлауға қатысып, қалаға сый жасауда. Саябақтар, жаңа көшелер, мектептер, балабақшалар салып беріп жатыр. Оларға үлкен рақмет, себебі бұл біздің Отанымыздың, барлық қазақстандықтардың астанасы және елордамызда әр өңірді еске салатын орындар болуы тиіс. Қарап тұрсаңыздар, көшелерге де аймақтардың аттарын беріп жатырмыз. Бұл өте дұрыс. Оған қоса, қазір мұнда Қазақстанның барлық өңірінен адамдар жиналып жатыр», – деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев. 

back to top
Хабар 24 телеарнасы