374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралдық футболшылар «Президенттік миль» спорттық акциясына қолдау көрсетті

  • Read 326 times
Оралдық футболшылар «Президенттік миль» спорттық акциясына қолдау көрсетті

Оралдың «Ақжайық» футбол клубы Астананың 20 жылдығына арналған «Президенттік миль» атты спорттық акцияға қолдау танытты.

Жаппай жүгіру қалалық мәдениет және демалыс саябағында өтті. Жаттығудың алдында жергілікті футбол фристайлері Айболат Құбашев көпшілікке өз шеберлігін паш етті. Енді оралдық футболшылар қызылордалық «Қайсар» клубынан алған эстафетаны «Ақтөбе» футболшыларына тапсырмақ. «Спорт адамдарды біріктіріп, олардың денсаулығын ғана емес, рухын да шыңдайды», – дейді сөз алғандар.    

Александр Любимкин, облыстық футбол федерациясының жетекшісі:

- Біздің еліміз соңғы жылдары футболдан тәуір нәтижелерге қол жеткізе бастады. Дегенмен барлық жеңістер алда деп білемін. Келешекте қазақ футболшылары әлем біріншілігіне қатысып, Еуропа лигасында, Чемпиондар лигасында табысты өнер көрсетуіне тілектеспін! Алға, Қазақстан! Алға, футбол!

back to top
Хабар 24 телеарнасы