432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық 7 альпинист Мұзтауды бағындырды

  • 3267
  • UPD: 17:56, 30.08.2018

Астананың 20 жылдығын альпинистер де атап өтіп жатыр.

Жердегі жұрт мерекелік шараны аяқтаған соң, тау-тасқа өрмелеген қыз-жігіттер кезек алды. Қазақстандағы 3 мың метрден асатын 20 шыңды бағындыруды көздейтін топтың сапары шығыстағы Алтай тауында жалғасты. Еліміздегі ең биік шыңдардың қатарында Алтайдың ең биік нүктесі Мұзтау да бар. Жерден 4509 метр биіктіктегі шыңға жеті альпинист шығып, экспедиция мен «Қазақ туризм» мекемесінің туын тікті. Бүгін альпинистердің сапары Түркістан облысында жалғасты. Тьян-Шань тауының батыс бөлігіндегі Сарыайғыр шыңына кәсіби мамандармен бірге еріктілер де шығады. Жаппай өрмелеуге 16 жастан асқан 100-ден аса адам қатысады.

Хабар 24 телеарнасы