364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жастар Астананың жиырма жылдығына орай жалпы 20 мың метр биіктікті бағындырды

  • Read 330 times
Жастар Астананың жиырма жылдығына орай жалпы 20 мың метр биіктікті бағындырды

Жетісулық жастар Астана қаласының 20 жылдығына орай жалпы биіктігі 20 мың метрді бағындырды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өткен бұл шараны Алматы облысының ішкі саясат басқармасы мен өңірлік коммуникациялар қызметі және «Жетісу географиялық қауымдастығы» ұйымдастырды. Тауға өрмелеу өте қауіпті спорт түрі болғандықтан, қатысуға ниет білдірген азаматтарды дайындауға еліміздің еңбек сіңірген алпинистері атсалысты. Арнайы құрылған топ мүшелері «Текелі», «Лабасы», «Хан тәңірі», «Фурманов», «Панорама», «Башута», «Турист» шыңдарына шықты. Жастарға бағынбағаны - шыңы шашақты найзадай көкке шаншылған «Хан Тәңірі» ғана. Көбі 4,5-5 мың метр биіктіктен кейін кері қайтуға мәжбүр болды. «Бұл шара алдағы жылы да жалғасады. Оған тауға шыққысы келетін еліміздің әрбір азаматы қатыса алады.

Әнуар Демегенов, Жетісу географиялық қауымдастығының жетекшісі:

- Өткен аптада соңғы шыңды бағындырған болатынбыз. Турист шыңы 3954 метрді құрайды. Бұл шыңдардың ішіндегі ең қиыны Хан Тәңірі болды. Маған өзіме есте қаларлықтай әсер қалдырды. Келесі жылы тағы да осындай үлкен іс-шара ұйымдастырсақ деген жоспарымыз бар.

back to top
Хабар 24 телеарнасы