371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде ең ұзақ өмір сүретін адамдар қай қалада тұрады?

  • 486
  • UPD: 11:40, 18.09.2018

«Тәрбие тал бесіктен басталады». «Ел боламын десең, бесігіңді түзе», – дейміз.

Қазір осы бесіктің қадір-қасиетін түсініп жүрміз бе? Баласын бесікке бөлейтін келіндер бар ма? «Егемен Қазақстан» газетінде «Ұлағатты ұрпақ ұясы» атты мақала жарық көрді. Онда автор бір қызық тәжірибені мысалға келтірген екен. 2001 – інші жылы Ресейдің Түмен қаласының ғалымдары екі баланы бесікке бөлеп, біреуіне бесік жырын, ал екіншісіне түрлі әуендер тыңдатқан. 6 айдан кейін бесік жырын тыңдамаған баланың миындағы нейрон жасушаларының баяу дамығаны анықталған. Үзіндіге үңілейік. 

Бесік жүйке жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, сəби бойындағы мейірімділік, қайырымдылық, ата-анаға деген махаббат сияқты ізгі сезімдерді дамытады, дүниетанымдық ізденісін, ғылым-білімге ынтасын арттырады, бала мағыналы һəм мəнерлеп сөйлеуге үйренеді, тұйықталмай, өз пікірін анық білдіретін батыл жанға айналады. Міне, бүгінгі медицина осылай дейді.

Есесіне, тойдан қалмаймыз ба? «Ана тілі» газетінің тілшісі «Тойымыздан ойымыз озық болсын» деген тақырыпқа қалам тербепті. Автор «Бүгінгі қазақтың тойы қалай өтіп жүр?» деген сұраққа жауап іздеп көрген екен. Сонымен бірге шығындарын да есептепті.

Әр жерде әр түрлі. Мақалада жазылғандай, Қазақстанның шағын қалаларында 100-120 адамдық тойларға 1 млн теңге кететін көрінеді. Ең қымбат қуаныш Астана мен Алматы қалаларында. Ондағы мейрамханаларда бір орынның бағасы 10-15 мың теңгеден басталып, 60-70 мыңға дейін барады екен.

«Мақтаншақ бекер мал шашпақ» деген. Бәсеке, жарыс, дарақылыққа салынып, «пәленшенің тойынан кем болмасын» деп қарызданып, несиеге той жасауға асықпайық. Қазақтың тойында ескерілетін ең маңызды нәрсе – екі жастың бақыты. Ақ некені көпке жария ету үшін қалың қауымды қатыстыру міндетті емес шығар. Тағы бір айтарымыз, екі жастың бақытын несиеге теліп қоймасақ дейміз. «Тойдың басы гу-гу, ортасы ду-ду, аяғы у-шу», деп Қадыр Мырза Әлі ақын айтқандай, думандатқан тойыңыз біткен соң, үйленген жұптың некесі несиенің соңында «у-шуға» ұласқаны кімге керек? Той жақсы ойға жетелесін. Той жарыстырғанша, ой жарыстырайық, ағайын».

Солтүстік Қазақстан облысында рекордтық астық жиналды. Өңірдегі серіктестіктің бірінде гектарынан 62 центнер астық жиналды. Бұл – бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Бұған дейін ең жоғары түсім 55 центнер болған екен. Шаруаның жетістігі жайлы «Солтүстік Қазақстан» газеті жазыпты. Жоғары көрсеткіштің сыры неде?

«Жермен жақсылап жұмыс істеуіміз керек. Егіншілік мәдениетін көтеру арқылы ғана жоғары өнімге қол жеткізуге болады».

Елімізде ең ұзақ өмір сүретін адамдар қай қалада тұрады? Алматыда. Бұл туралы «Алматы ақшамы» газеті жазып отыр. Алматылықтар орташа есеппен 76 жас жасайды екен.

Авторы: Айдарбек Айтмұхамбетұлы

Осы категория бойынша: « Жас ұрпақтың Instagram-дағы «тұлғаларға» еліктеуі белең алып барады Соңғы рет қандай кітап оқыдыңыз? »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы