371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Баспасөзге шолу: Елбасы мақаласы

  • 836
  • UPD: 14:25, 21.11.2018

Бұл жолы Мемлекет басшысы қандай міндет жүктеп отыр?

Елбасы мақаласы «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбымен  еліміздің бас газеті «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды. Мемлекет басшысы рухани мәселелерді көтерген. Автор тарихқа терең үңіліп, қазақ халқының әлемдік өркениеттің дамуына қосқан үлесі зор екендігін нақты дәлелдермен келтірген.

Президент Ұлы даланың жеті қырын: 1. Атқа міну мәдениеті, 2. Ұлы даладағы ежелгі металлургия, 3. Аң стилі, 4. Алтын адам, 5. Түркі әлемінің бесігі, 6. Ұлы жібек жолы. 7. Қазақстан - Алма мен қызғалдақтың отаны деп көрсетеді.

«Қазақстан тарихы да жеке жұрнақтарымен емес, тұтастай қалпында қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан қарағанда түсінікті болуға тиіс. Оған қажетті дәйектеріміз де жеткілікті. Біріншіден, қосқан үлестері кейінірек сөз болатын протомемлекеттік бірлестіктердің дені қазіргі Қазақстан аумағында құрылып, қазақ ұлты этногенезінің негізгі элементтерін құрап отыр. Екіншіден, біз айтқалы отырған зор мәдени жетістіктер шоғыры даламызға сырттан келген жоқ, керісінше, көпшілігі осы кең-байтақ өлкеде пайда болып, содан кейін Батыс пен Шығысқа, Күнгей мен Теріскейге таралды. Үшіншіден, кейінгі жылдары табылған тарихи жәдігерлер біздің бабаларымыздың өз заманындағы ең озық, ең үздік технологиялық жаңалықтарға тікелей қатысы бар екенін айғақтайды. Бұл жәдігерлер Ұлы даланың жаһандық тарихтағы орнына тың көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Тіпті қазақтың кейбір ру-тайпаларының атаулары «қазақ» этнонимінен талай ғасыр бұрын белгілі болған. Осының өзі біздің ұлттық тарихымыздың көкжиегі бұған дейін айтылып жүрген кезеңнен тым әріде жатқанын айғақтайды». Мақаладан үзінді. Мақаланың толық мәтінін сілтеме арқылы оқи аласыздар.

Руслан Бақытбекұлы, тілші:

- Көтерілген мәселелер жан-жақты ой елегінен өткізіп, терең зерделеуді талап етеді. Сондай-ақ біздің дүниетанымымыздың, халқымыздың өткені мен бүгінінің және болашағының іргелі негіздеріне тікелей қатысты. Бұл жұмысты бірнеше ірі жобалар арқылы бастауға болады деп ой тастайды мақала авторы.  Мемлекет басшысы жоғарыда аталған жобаларды «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде қарастырған.

Осы категория бойынша: « Ақыртас кешені туристер үшін тартымды нысандардың әлемдік тізіміне енді «Ұлы даланың жеті қыры». Отандық БАҚ не дейді? »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы