369,36 420.60 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Айқын»: Кең-байтақ жеріміздің мақтасын матаға айналдыра алмай отырмыз

  • 432
  • UPD: 10:21, 05.12.2018
«Айқын»: Кең-байтақ жеріміздің мақтасын матаға айналдыра алмай отырмыз

«Айқын». «Ең әдемі киім – ұлтыңның киімі».

https://pdf.aikyn.kz/egazet/2018/12/aikyn-20181205-compressed.pdf

Қай елдің қанжығасын майлап жүрміз? «Айқын» газеті еліміздегі киім өндірісімен айналысып жүрген шағын және орта кәсіп иелерін әңгімеге тартып, отандық өнімдерге сұраныс қандай, олардың жұмысына қандай кедергілер бар деген сұрақтарға жауап іздеп көрді. Сөйтсе шикізат шетелден келеді екен. «Кең-байтақ жеріміздің мақтасын матаға айналдыра алмай отырмыз», деп жазады мақала авторы. Жыл сайын өндірілетін 15-20 мың тонна жүннің 10 пайызын ғана пайдаланыппыз. Қалғаны – ұстағанның қолында, тістегіннің аузында. Біздің киіп жүрген жемпірлеріміз бен кеудешелеріміздің 98,9 пайызы – шетелдің өнімі. Тауар өндіруге жұмсалатын материал, мата, жіп шетелден келеді. Саланың дамуына кедергі келтіріп отырған тағы бір мәселе – контрабандалық тауар тасымалы. Қытай, Түркия және Қырғызстаннан көлеңкелі және заңды жолмен келетін дайын киім-кешектер отандық өндірістің баяу дамуына әсерін тигізіп отыр. «Сондықтан қапшықтап киім тасығанды қашан қоямыз?» деген сұрақты мақала авторы оқырмандарына жолдап отыр.

«Отандық өнім, оның ішінде киім-кешек мәселесі енді ғана еңсе көтеріп келеді. Бірақ бағасы тым қымбат. Өзіміздің шикізатты өзгеге сатып, өзгенің киімін киіп жүрген жер бетінде жалғыз өзіміз ғана шығармыз. Ендігі жерде біз тізген мәселеге мән беріп, киетін киімімізді бүтіндеп алмасақ қазақ атымызға да сын. Өйткені өзіміз айтатындай, «Ит те киімге қарап үреді...».

Осы категория бойынша: « ШҚО-ға көшіп келетін 150 отбасына тұрғын үй берілетін болды Балаларымыз неліктен отандық мультфильмге қызықпайды? »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы