389,96 432,20 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пойыз билеттерінің құны неге шарықтады?

  • 2013
  • UPD: 11:48, 28.12.2018

«Егемен Қазақстан» еліміздегі пойыз билеттерінің құны шарықтап кеткені туралы мақаланы жарыққа шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Мереке күндері теміржол көліктеріне жекелеген өңірлерге билет атымен жоқ, ал барының бағасы көтеріліп кетті», - деп жазады республикалық басылым. Жасыратыны жоқ, бұл – жылда қайталанатын, жолаушылардың қалтасын қағатын құбылыс. Ақпарат көзінде жарияланған мәліметтерге сенсек, «Астана Нұрлы жол» – «Орал» бағытындағы пойыздың 29 желтоқсан күнгі Ақтөбеге дейінгі ең арзан билет құны – 35138 теңге. Ал ең жайлы орын – 58540 теңге. Сонымен бірге Астана-Петропавл бағытындағы билет бағасы əдеттегі 5 мың теңгеден 14 мың теңгеге дейін көтеріліп кеткені де жазылған мақалада. «Жолаушылар тасымалы» АҚ клиенттермен жəне бұқаралық ақпарат көздерімен жұмыс атқару бағытының жетекшісі Данияр Айдарханов мұндай қымбатшылықты «Егемен Қазақстанға» былай деп түсіндіріпті.

«Заң бойынша коммерциялық бағыттарға бағаны белгілеу өз құқығымызда. Сондықтан осындай бағыттардағы билет азайған сайын, сұраныс көбейген сайын қымбаттап, баға 35% да асып кетеді. Коммерциялық бағыттарға сатылатын билеттерден түскен қаржы тікелей компанияның дамуына, жаңа сервистік қызметті ендіруге, барлық вагондар паркін техникалық жарақтандыруды жақсартуға жəне процестерді автомат тандыруға бағытталады».

https://pdf.egemen.kz/pdfs/2018/12/2712.pdf

 

«Астана ақшамы». Ұры-қарылар басына бере ме?

Ұры-қарылар басына бере ме? «Астана ақшамы» ұрылардың қаптағаны жайында мақала жазған. Елордалық басылымға сенсек, бөтеннің мүлкін қолды қылу азаймай тұр. Атап айтқанда, бас қалада жасалған барлық қылмыстың 58% пәтер тонау, қалтаға түсу, ұялы телефондарды жымқыру, автокөліктерді айдап кету сияқты ұрлық түрі екен. Полицейлер мұның себебін елорда халқы санының артуымен, сырттан келетін еңбек мигранттары мен туристердің көбеюімен және астаналықтардың әл-ауқатының өсуімен байланыстырады.

Жыл басынан бері Елордада 1771 пәтер ұрлығы тіркелген. Жатақхана, хостел, жалға берілетін баспаналарда көбіне бейнебақылау камералары бола бермейтінін білетін жымысқы қулар көздеген мақсаттарына емін-еркін жетіп отырған. Статистикаға жүгінсек, бас мегаполистегі 270 мыңнан аса пәтердің 4 мыңы ғана арнаулы дабыл құрылғыларымен қорғалған болып шықты. Міне, осындай әлсіз тұсты анық байқайтын әккі баукеспелер жыл басынан бері 3122 ұрлыққа түсіп, 46 пәтерді түгел үптеп кеткен. Әрі олардың көбі басқа қаладан келетіндер болып отыр.

http://www.astana-akshamy.kz/

 

«Түркістан» газеті. Kundelik.kz бизнес пе, әлде...

«Түркістан» газеті жыры бітпей жүрген Kundelik.kz-тің жырын тағы жырлады. Мұдағы мақалада жазылғандай, бүгінде қазақстандық мектеп оқушылары мен ұстаздары осы электронды күнделікке тәуелді. Себебі оларға мұнда күн сайын тұрақты түрде кіру міндеттелген. Тіпті қазір бұл іске ата-аналар да жұмылдырылған. Егер ата-ана сайтқа белгілі бір уақыт ішінде кірмесе, оқушы «жазаланады». Ең сорақысы, ата-аналарға Kundelik.kz сайтын қалай қолдану туралы да түсіндірме жұмыстары жүргізілген жоқ. ІТ-маманы Рымбек Ізғалидың айтуынша, бұл сайтта аккаунт ашқаныңыз үшін сосын телефондағы қосымша үшін ақша төлеу керек. Ал кезінде Білім және ғылым министрінің орынбасары қызметін атқарған, қоғам белсендісі Мұрат Әбенов «Kundelik.kz – бұл бизнес» деп кесіп айтыпты «Түркістанға».

«Түбін қарасақ, бұл - бизнес жүйе. Неғұрлым сол жүйеге көп адам кірсе, соншалықты жарнама берушілер көбірек пайда табады. Егер ол бизнес болса, бизнес ретінде жұмыс істесін. Оны бір-бірімізден несін жасырамыз».

https://turkystan.kz/newspaper/74443

Хабар 24 телеарнасы