389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Баспасөзге шолу. 3 сәуір

  • 1435
  • UPD: 12:07, 03.04.2019

«Барымыз да, бағымыз да – Тәуелсіздік» Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық «Egemen Qazaqstan» және «Aiqyn» газеттеріне сұхбат берді.

Қазақ мемлекеттігінің негізін қалаушы ұлы тұлға, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев өз еркімен Мемлекет басшысы өкілеттігін тоқтатты. Бұл тағдырлы шешім жаһандық деңгейде, тарихи ауқымда танылған саяси қайраткердің кемеңгерлігі мен парасаттылығын əлемге тағы да танытты, мойындатты. Президент өзінің бірнеше ұстанымын айтқан.

Үшінші ұстанымым – тек алға басу, даму жолымен жүру. Өздеріңіз білесіздер, біз өмір сүріп отырған дəуірдің табиғаты мың құбылмалы. Жаһандық бəсекелестік жағдайында өз мүддемізді қорғауға, өз мақсатымызға жетуге ұмтылмасақ, жедел алға баспасақ көп нəрседен ұтыларымыз анық. Әкімдер халыққа жақын болуы керек деген.

Біріншіден, атаулы әлеуметтік көмек, яғни 21 мың теңгелік жәрдемақы алу үшін тұрақты, я болмаса уақытша тіркеу болуы шарт.

Екіншіден, жәрдемақыға өтініш беруге асығудың қажеті жоқ. Себебі осы айдың 20-сында құжат тапсырсаңыз да, ештеңеден құр қалмайсыз. Көмекті толық көлемде аласыз. Үшіншіден, отбасы кірісін есептегенде, тек жақын туыстар, яғни ата-ана, балалар, бала асырап алушылар, асырап алынған бала, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек бауырлар мен апа-қарындастар, ата, әже, немерелер есепке алынады.

Атап өтерлігі, көп балалы аналарға деген мемлекеттік қолдау мұнымен ғана шектелген жоқ. Биыл 1 сәуірден бастап «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар бірқатар салық түрлерінен босатылады. Ерекше айта кетерлігі, тұрғындардың жоғарыдағы мәселелерге қатысты кез келген сұраққа жауап алуы үшін 111 call-орталығы іске қосылды.

Хабар 24 телеарнасы