386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мұғалімдерді артық жұмысқа тартқандарға айыппұл салынады

  • 431
  • UPD: 13:06, 28.08.2019

Бұл «Жас қазақта» щыққан материал. Мұғалімдерді өзіне тән емес қызметке тартқандарға 120 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.

Бұл туралы Үкіметте «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын таныстырған ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтқан.

«Жас қазақ» газетінен:

«Педагогтың жүктемесін қысқарту бойынша жеке нормалар көзделген. Бұл орайда мұғалімнің кәсіби фракциясына кірмейтін міндеттерді жүктеуге, шамадан тыс есеп беруге, негізсіз тексерулер жүргізуге тыйым салынатын болады. Құқық бұзушылық субъектісіне байланысты мұғалімдерді өзіне тән емес функцияларға және артық есеп беруге тартқаны үшін 20-дан 120 АЕК-ке дейін айыппұл салу заң жобасында қарастырылған»,- деді министр».

 

Қазақстандық альпинистерді іздестіру тоқтатылды. Бұл «Айқында» жарық көрген мақала. 14 тамызда қазақстандық альпинистер командасы Жеңіс шыңына шығады. Команда құрамында Мұрат Өтепбаев, Андрей Корнеев, Александр Чечулин болған. Ауа райының бұзылуына байланысты топ хабарсыз кетеді. Соңғы рет олар 15 тамыз күні 6600-6900 метр биіктіктен байланысқа шыққан. Тянь-Шань тауы айналасында іздестіру жүреді. Қорғаныс министрлігі Қырғызстандағы іздестіру-құтқару операциясының қорытындысын хабарлады.

«Айқын» газеті:

«20 тамызда іздестіру жұмыстары басталады. 5100-6000 метр биіктікті 14 рет ұшып өтеді. Бөктерге барынша жақындау 70 метрді құрайды. Жылу визорларынан алынған ақпарат пен көзбен шолу нәтиже бермейді. Тірі адамдардың, мәйіт пен өзге де із жоқ. Іздестіру жұмыстары үшін ауа райы қолайсыз болады. Толассыз жауын-шашын 1,5 метрдегі базалық лагерьге қауіп төндіреді. Сондай-ақ қар көшкіні қауіп-қатері артады. Жаяу топты жөнелту мүмкін болмады».

Сонымен бірге, 18 тамызда «Ақсай Тревел» туристік компаниясының Ми-8 тікұшағы іздестіруге шықты. Іздестіру жұмыстары нәтиже берген жоқ. Тауда бірнеше қар көшкіні болды. «Ветер странствий» журналы Facebook парақшасында Александр Чечулиннің қаза тапқанын мәлімдеді. Чечуллиннің өкпесі қабынғандықтан, 16 тамыз күні қайтыс болған. Мұрат Өтепбаев пен Андрей Корнеевті іздеу жұмыстары тоқтатылды.

 

Олимпиадаға қатысқан палуан 7 жылдан кейін жүлде алды

«Түркістан» халықаралық газетінде жарық көрген мақаланың тақырыбы бұл. Алдағы қыркүйек айында қазақстандық палуан Дәулет Шабанбайға Лондон олимпиадасының медалі табысталады. Бұл туралы Павлодардың Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық Туризмді және спортты дамыту басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Есембаев мәлім етті.

«Түркістан» газетінен цитата:

«Алдыңғы жүлдегер атанған спортшылар медальдарын кері қайтарды. Олимпиада комитетінің хабарлауынша, елордамызда күрес түрлерінен өтетін Әлем чемпионатында палуанымызға қола медальді табыстау жоспарланып отыр», - деді Нұрлан Есембаев».

Айта кеткен жөн, Павлодар облысының спортшысы Дәулет Шабанбай 2012 жылы Лондон олимпиадасына еркін күрестен қатысқан болатын. 120 келі салмақ дәрежесінде күрескен палуанымыз қола медаль үшін белдесуде ресейлік Біләл Маховқа есе жіберген. Арада 7 жыл өткеннен кейін осы салмақта Олимпиаданың күміс жүлдегері атанған грузиялық Давид Модзманашвилидің допингтік сынамасынан тыйым салынған заттар табылды. Спортшының нәтижесі жойылып, одан жеңілген ресейлік Біләл Махов күміс жүлдегер атанды. Ал, Біләлға есе жіберген Дәулет Шабанбай қола жүлдеге ие болды.

Хабар 24 телеарнасы