384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде күн сайын 150 отбасының шаңырағы шайқалады

  • 254
  • UPD: 10:45, 20.11.2019
Елімізде күн сайын 150 отбасының шаңырағы шайқалады egov.kz

Елімізде күн сайын 150 отбасының шаңырағы шайқалады, - дейді «Қазақ үні».

Ал бір жылда 400-ге жуық әйел үйдегі ұрыс-керістің кесірінен қаза тапса, балалардың 75%-і психологиялық және күш қолдану салдарынан зардап шегетін көрінеді. Осылай деп дабыл қаққан қоғамдық ұйымдар енді жаңа жоба бойынша жұмыс жүргізуде. «Өнеге» деп аталатын жоба ажырасу мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, психологиялық күйзеліске ұшыраған отбасыларға кеңес беру бағытында қызмет етеді. Жобаның жетекшісі Азамат Жаманшинов ажырасудың ең басты себебін тұрмыс тауқыметімен байланыстырып отыр. Сондықтан мұндағы мақсат – отбасының қоғамдағы орнын қалыптастыру, берекесін келтіріп, баласын қорғау.

«Бұл жобаның маңыздылығы – жүйелілігінде. Бұл мемлекеттің отбасыларға жасап жатқан ең жүйелі қадамы, көмегі. Бізде әр облыста бір ғана орталық бар. Оның өзі аз. Алдағы уақытта әр ауданнан ашсақ деген жоспар бар. Бүгінде халық игілігіне жұмыс істеп жүрген жоба жетекшілері отбасыларға мыңға тарта ақыл-кеңес өткізген. Нәтижесінде 250-ге жуық ерлі-зайыпты некесін сақтап қалды».

Хабар 24 телеарнасы