Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
412,55 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Ана тілі» газеті. Айбергенов олимпі

  • 1778
  • UPD: 10:56, 13.01.2020

Бүгінгі шолуымызды «Ана тілі» газетінен бастаймыз.

Басылымның соңғы санында қазақтың дарынды перзенттеріне арналған бірнеше мақала жарық көрді. Солардың бірі – «Айбергенов олимпі» деп аталады. Авторы – жазушы, филология ғылымдарының докторы Бақыт Кәрібаева. Мақалаға орда бұзар жасында жалғаннан өткен ақынның тағдыры мен шығармашылығы арқау болған.

«Ана тілі» газеті. Айбергенов олимпі

«…Секілді менің тағдырым, тағдыры корабльдердің» деуі ақиқат кілті, ұлы поэзияның коды іспетті. Абай Лермонтовты аудармашылықты кәсіп еткендіктен емес, «тұманды теңіз өріндегі жалтылдаған жалғыз жалау» тылсымына бойлай енгендіктен аударды. Айбергенов те, советтік әдебиет аясынан жалғыз желкен боп көрініп, қазақ руханиятының тылсымынан табылды: «түйені жел шайқаса, ешкіні аспаннан көр» заманында «тағдырым тағдыры корабльдердің» деп, бүгінгі лексиконда өзін әлемдік алпауыт техника жетістігімен пара-пар тұлғалардың тағдырына балайды. Бұл оның ауыр «тағдырды» жеңіл өнер тіліне аударған шеберлігі еді. Ұстаз етегін баспаған бекзаттығы да болатын.

Өнер – сонылығымен өнер. Туыстық «түрде» емес, қанда. Төлегенді біз өнер тілінен емес, танымынан, тек – тектілігінен танимыз».

Хабар 24 телеарнасы