371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада полицейлер пәтерді заңсыз жалға бергендерді анықтау шарасын бастады

  • 737
  • UPD: 21:55, 13.01.2018

Астанада Мемлекеттік кірістер департаменті елордалық полицейлермен бірлесіп «Пәтер» іс-шарасын бастады. Қаңтар айының аяғына дейін созылатын жедел жұмыстың мақсаты – заңсыз жалға берілетін пәтерлерді анықтап, сол учаскедегі құқық бұзушылықтың алдын алу. Бүгінге дейін полиция инспекторлары жалға берілетін 400-ден астам пәтерді анықтады. Аталған деректер Мемлекеттік кірістер департаментіне жолданды. Тұрғын жайдағы заңсыздық салдарынан 296 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ осы мәселе бойынша бұған дейін де бірнеше рет құқық бұзған 13 адам есепке қойылды. Баспанасын жалға беретін азаматтармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, пәтерді жалға алушыларға ескерту жасалды.

Осы категория бойынша: « Президент Жолдауын жүзеге асырудың жалпыұлттық жоспары әзірленеді Еліміздің үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы