371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан Президенті Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановты қабылдады

  • 601
  • UPD: 15:49, 14.02.2018

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі жиын мен Каспий маңы мемлекеттері басшыларының саммиті. Ақордада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың кездесуінде осы келелі кеңестерге әзірлік барысы пысықталды.

Елбасы аталған алқалы жиындарды ұйымдастыру жұмысына баса көңіл бөлу керектігін атап өтті. Өз кезегінде сыртқы ведомство жетекшісі алдағы уақытта атқарылатын мақсат-міндеттерді баяндады. Сондай-ақ президент таяуда үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмалар Сыртқы істер министрлігіне тікелей қатысы бар екенін алға тартты.

Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:

- Бүгін Президент шетелден инвестиция тарту жөнінде нақты тапсырма берді. Биыл біздің елімізде және алыс-жақын мемлекеттерде бірқатар халықаралық шаралар өтеді. Мемлекет басшысы соларды жоғары деңгейде ұйымдастыруға қатысты министрлікке межелі міндеттер жүктеді.

Осы категория бойынша: « Бақытжан Сағынтаев Пхенчхандағы Олимпиадаға қатысатын спортшыларға жеңіс тіледі Ұлттық банк Қазақстанның сыртқы қарызы жайлы мәліметтерді жариялады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы