369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Б.Сағынтаев Дүниежүзілік банк пен ХҚК вице-президенттерімен кездесті

  • 235
  • UPD: 16:33, 18.06.2018
Б.Сағынтаев Дүниежүзілік банк пен ХҚК вице-президенттерімен кездесті

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Дүниежүзілік банк пен Халықаралық қаржы корпорациясының вице-президенттері Сирил Мюллермен және Джорджина Бейкермен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстанның инвестициялық ахуалын одан әрі жақсартудың негізгі бағыттары талқыланды. Атап айтқанда, алдағы бес жылға арналған серіктестік стратегиясын дамыту, Қазақстанның экспорттық әлеуетін кеңейту, бизнес ахуалын және мемлекеттік институттарды нығайту, сондай-ақ адам капиталын айтарлықтай күшейту мәселелері қаралды.

Ынтымақтастық орнаған уақыттан бері Дүниежүзілік банк ҚР-ға 46 жобаны қаржыландыру үшін $8,1 млрд-тан астам қарыз берген. Бүгінгі таңда Дүниежүзілік банктің жобалар қоржыны 22 жобадан тұрады, оның ішінде 7 ағымдағы жоба және 15 жоба жалпы $4,1 млрд сомасына серіктестік туралы келісімдер аясында іске асырылуда. Ағымдағы жобалардың қоржыны $3,2 млрд сомасына 7 жобаны қамтиды.

Халықаралық қаржы корпорациясының Қазақстандағы стратегиясы инфрақұрылымға қолжетімділікті арттыруға, қаржы секторын нығайтуға және экономиканы әртараптандыруға және бәсекеге қабілеттілікті арттыруға қолдау көрсетуге бағытталған. 1997 жылдан бері корпорация ҚР экономикасына $1,4 млрд астам инвестиция салды, соның ішінде қаржы, газ, тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп салаларында жеке сектордың 60 жобасын іске асыруға қолдау көрсету үшін, бірлестірілген қарыздар түрінде $300 млн инвестиция салды.

Ақпарат көзі: primeminister.kz

 

Осы категория бойынша: « Үкімет үйінде Қазақстанның туристік саласын дамыту мәселелері талқыланды ҚР ҰБ: «7-20-25» бағдарламасы бекітілді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы