365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ЕЭО-ға мүше елдер өз азаматтарының еңбек құқықтарын бірлесіп қорғайды

  • 257
  • UPD: 14:39, 27.06.2018

Бүгін Мәжіліс депутаттары заң жобасын мақұлдады. Құжатқа сәйкес өндірістегі жазатайым оқиғаларды келісімге қол қойған мемлекет мамандары бірлесіп тергейді.

Яғни осындай жағдай болса, жұмыс беруші тиісті актіні толтырып, оның көшірмесін жұмысшының еліне міндетті түрде жіберуі тиіс. Кейін жіберілген құжатты заңдастырудың қажеті жоқ. Нәтижесінде жұмысшы жарақат алса, оған берілетін төлемдер тез арада төленеді. Айта кетейік, бұл келісім еліміздің Конституциясы немесе еңбек заңнамасына қарама қайшы келмейді. Жыл сайын бүкіл әлем бойынша өндірісте 340 миллион адам жарақат алады. Олардың 2 миллионнан астамы көз жұмды. Бұл – Халықаралық еңбек ұйымының ресми статистикасы. Ал Еуразиялық экономикалық одақ мүшелеріне тоқталатын болсақ, былтыр Беларусьте 1 жарым мың, Ресейде 35 мың, Қазақстанда 880 адам жарақат алған.

Мәдина Әбілқасымова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

– Тексеру аяқталғаннан кейін жұмыс беруші оқиғадан кейін жазатайым оқиға туралы актіні беруі тиіс. Ал актінің бір данасы жұмысқа орналастырушы мемлекеттің еңбек инспекциясына жолданады.

Осы категория бойынша: « ҚР Үкіметі онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспар қабылдады 28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы