369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Ұлытау» аллеясының ашылу рәсімінде түрлі этнос өкілдері Елбасыға алғыс айтты

  • 574
  • UPD: 17:47, 02.07.2018

Елордада Байқоңыр ғарыш айлағының бір бөлігі пайда болды. Бұл ерекше тарту-таралғы Қызылорда облысының Астананың 20 жылдығына тартуы.

Сондай-ақ алып шаһар Алматы 240 орындық балабақша салып беріп, Астана бүлдіршіндерін шадыман шаттыққа бөледі. Бұған қоса тарихы кенен, тағылымды мекен Қарағанды өңірі Ұлытау аллеясын ашты. Мемлекет басшысы жаңа нысандарды аралап, аймақтардың сый-құрметін жоғары бағалады.

«Союз», «Протон», «Зенит». Тұмсығын көкке тіреген бұл зымырандар Сыр елінің бас қаладағы бір белгісі. Қызылорда облысының елорда тойына тартуы ашық аспан астындағы музей. Мұнда нағыз зымыран тасығыштарымен бірге «Боран» орбитааралық кемесінің макеті қойылды. Музей кешенін Елбасы алғашқы болып аралап, елден келген ерекше сыйға разылығын білдірді.

Президент мұражайдан кейін Ұлттық ғарыш орталығында болды. Мемлекет басшысы тәжірибелі өндірісі бар ғарыш техникасының  арнайы конструкторлық бюросымен танысты. Кешен спутниктердің қосалқы бөлшектері мен құрал-жабдықтарын өндіреді. Онда 100 келіге дейінгі бұйымдар мен ғарыштық аппараттарды механикалық сынау зертханасы да бар. Өндіріс орны отандық ғарыш саласын дамудың жаңа сатысына көтеруі тиіс. Ол жыл соңына дейін іске қосылмақ.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Өзіміздің Байқоңыр ғарыш орталығы бар. Сондықтан қазір біз ғарышқа жер серігін дайындайтын мына зауытты менің келісімімен Франциямен бірге жасап жатырмыз. Құдай бұйыртса, жер серіктерін өзіміз жасайтын боламыз. Құдай бұйыртса, Қазақстан жаңа технологиялық деңгейге көтерілейін деп отыр. То есть Казахстан – страна, где находиться космодром Байконур, мы стремимся стать сами космической страной. Здесь спутники какие нам нужны будем изготовливать сами в будущем пусковая установка будет наша, ракета «Зенит» в 2022 году будет готова. Тогда наши ракеты, наши спутники. Мы можем полностью уже стать в среде космических государств. Это очень важно для техники для технологий для подготовки наших кадров. Істеп жатқан балалардың барлығы шетелде оқып келген. «Болашақтың» жігіттері. Мына жерден өте үздік ғылымды, технологияны игеріп жатыр.

Ал бұл «Алматы балабақшасы» атауы айтып тұрғандай алып шаһар Алматының сыйы. 240 орындық бөбекжайға да Елбасы арнайы барды. Мектепке дейінгі мекемеде бүлдіршіндер үшін 12 топ жұмыс істейді. Әрқайсысы Алатау, Апорт, Медеу, Шымбұлақ сынды брэндтік атауларды иемденген. Елбасы нысанды аралау барысында ата-аналармен жүздесіп, бүлдіршіндерге батасын берді.

Балабақшаға Алматының кең көшелері, даңғыл жолдары және көрікті орындары бейнеленіп, өрнекті кілемдер төселді.

Алтынтас Ахметова, қала тұрғыны:

- Алматылықтарға үлкен рахмет айтамын, осындай керемет зәулім сыйлап отыр. Ішінде бәрі жақсы істелген.

Қарағанды облысы да Астанаға ерекше сый жасады. «Қазақ еліне мың алғыс» атты 14 метрлік монументі бар жаңа «Ұлытау» аллеясын салып берді. Монументте кавказ, кәріс және еуропалық келбеттегі 3 баланы бауырына басқан қазақ әйелінің мүсіні бейнеленген. Оның символикалық мән-мағынасы мол. Репрессия жылдарында түрлі ұлт өкілдерін бауырына басқан қазақ халқын бейнелейді. Сондай-ақ аллеяға Ұлытаудың ең басты құндылықтары қойылған. Тіпті Алтын шоқы дөңінің басынан табылған Әмір Темірдің жазуы басылған тастың көшірмесіне дейін бар. Теректі Әулие мен Байқоңырдың петроглифтерін де көруге болады. Тастағы жазулар сол кездегі оқиғалардан сыр шертеді. Елбасы аллеяның ашылу рәсімінде қарағандылық түрлі этнос өкілдерімен жүздесті. Олар мемлекет басшысына алғыстарын айтып, бір тудың астына біріккен қазақ елін мәуелі бәйтерекке теңеді.

Авторы: Рауан Мыңбаев

Осы категория бойынша: « Елбасы Ботаникалық баққа барды Мемлекет басшысы елорда мерейтойына орай ашылған жаңа нысандарға бағасын берді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы