374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевты қабылдады

  • 373
  • UPD: 20:08, 16.07.2018

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевты қабылдады.

Еліміздің банк жүйесін қолдау үшін 3 трлн теңге бөлінді. Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасын қабылдау кезінде осылай айтты. Данияр Ақышев Мемлекет басшысына қаржы институтының бірінші жарты жылдық жұмысы бойынша есеп берді. Кездесуде Қазақстан Президенті валюта-қаржы нарығындағы тұрақтылықты сақтап, әрі қарай экономикалық дамуды қамтамсыз ету үшін елде барлық жағдай жасалғаны туралы әңгімеледі. Осы жылдың алғашқы алты айында ұлттық экономика өсімі 4 пайыздан асты. 

Елбасы банк секторын сауықтыру жұмыстарына да тоқталды. Бүгінде Валюталық реттеу және Ұлттық банк қызметін жетілдіру мәселелері туралы заңнама қайта қаралды. Бұл құжат ұзақмерзімді депозиттерді тарту үшін банктер алдында мүмкіндіктер ашты. «Ендігі міндет – экономиканы, оның ішінде шағын және орта бизнесті несиелендіру бойынша қаржы институттарының жұмыстарын жандандыру қажет», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті:

– Надо своевременно разъяснять населению о том, что у нас сейчас есть все возможности для стабильности тенге, для стабильности экономики. В первом полугодии экономика выросла более чем на 4%, это раз. Наши валютные резервы, резервы национального фонда позволяют чувствовать уверенно. Переход на плавающий курс тенге был правильным в свое время, и народ должен привыкать, что такие колебания будут идти вперед-назад, в определенных пределах, но не ухудшая положение дел нашего населения. Это первое. Второе – государство оказало серьезную поддержку банкам. Три триллиона было выделено на поддержку банковской системы в ожидании, что банки будут более активно кредитовать экономику, особенно малый и средний бизнес. Третье – мы пересмотрели закон о банках, о Нацбанке. Предложения Национального банка приняты в основном. Государство, Национальный банк должны вместе работать для того, чтобы более активно кредитовать экономику. Что в этом плане делается? 

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық Банк төрағасы:

– Алдымен несие бойынша өзіңіз айтып кеткендей, банк секторын сауықтыру жұмыстары жүргізілді. Яғни жаман портфель анықталып, оны жою үшін тиісті тетіктер мен ресурстар табылды. Демек банктер алдында тұрған міндеттер орындалуда. Статистиканы байқасақ, кредиттердің экономикадағы үлесі өспей келеді. Бұған екі фактор себеп. Бүгінде біз Дельтабанк пен Казинвестбанктің лицензияларын қайтарып алып, Қазкоммерцбанк, РБК банктерін сауықтырдық. Яғни біз олардың 1,5 трлн теңге көлеміндегі несиелерін жойдық. Олар – қайтарымсыз кредиттер. Есесіне басқа қаржы институттары соңғы 1,5 жылда 1,3 трлн теңге несие берді. Өзіңіз айтып кеткендей, Валюталық реттеу және Ұлттық банк қызметін жетілдіру мәселелері туралы заң бізге жаңа мүмкіндіктер ашып отыр. Мәселен, бұл құжат ұзақмерзімді депозиттерді тартуға сеп болды. Банктер жұмысының тиімділігін арттыру үшін біз несиенің базалық ставкасын азайттық. Былтыр ол 18 процент болса, биыл оны 9 пайызға дейін төмендеттік. Біз жүргізген зерттеулердің нәтижесіне қарасақ, қаражатқа мұқтаж шағын және орта бизнес кәсіпорындары көп. Оның себебі, кредит ресурстарының қымбаттылығында ғана емес. Олар бизнес моделін сәтсіз таңдаған.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті:

– Прошлогодние провалы банков, из-за чего мы приняли изменения в закон о банках, говорят о том, что баловаться стали люди. Создавать банки и начинать работу – это никакой не рынок. Это напрямую влияет на благосостояние людей и на государственные финансы. Чуть-чуть деньжат соберут, приходят и открывают банк. Национальный банк разрешение дает. Потом, значит, начинают уговаривать, бегают по улицам, по остановкам: «Мы даем огромные проценты, вкладывайте деньги к нам». Люди верят, идут туда, а потом акционеры воруют эти деньги или раздают своим. Полное безобразие в банковской системе было в этом деле. И я считаю, что нормальный банк никогда не даст кредиты несостоятельному получателю. А у нас что получилось? Сами акционеры, заведомо зная, что не вернутся, давали своим и, в общем-то, откатывали деньги и воровали. Вот этого не должно быть. Жестко должно быть. Нам не нужно огромное количество банков. В этом вопросе, чтобы не было нажима на банк, на председателя банка, всё сделано. Банки – это деньги, деньги – это экономика, экономика – это благосостояние людей. И люди идут в банки, считая, что это государственная система. А на самом деле, мошенники обманывают. Как БТА Банк разворовали. 6-7 миллиардов долларов до сих пор мы восстанавливаем. Поэтому я требую, после этого не должно допускаться безобразие.

Осы категория бойынша: « Франция құрамасы – футболдан екі дүркін әлем чемпионы Мемлекет басшысы Олжас Сүлейменовті қабылдады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы