369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Н.Назарбаев: Билік дегеніміз – бұл жауапкершілік

  • 433
  • UPD: 14:46, 31.07.2018
Н.Назарбаев: Билік дегеніміз – бұл жауапкершілік

Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені инстаграм желісінде жаңа ролик жариялады.

Бейнероликте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «билік дегеніміз не» деген сұраққа жауап берген.

«Меніңше, билікті бір сөзбен сипаттау мүмкін емес. Бізге дейінгі данышпандар бұл сұраққа жауаптарын қалдырып кеткен. Олар «билік дегеніміз – бұл бәле, ақша да адамға жақсылық әкелмейді, одан құтылған дұрыс, адамды тек қарапайым өмір бақытты етеді» деді. Ал билік тізгінін ұстау бұйырған біз билік ұғымына сәл өзгеше қарауымыз керек. Себебі билік дегеніміз – бұл бәрінен бұрын жауапкершілік. Лауазымың жоғарылаған сайын жауапкершілік те арта береді», - деді Елбасы.

Аударған: Г.Абилова

Осы категория бойынша: « Қырғызстанда тас көшкінінен зардап шеккен отандастарымыз құтқарылды Қырғызстанда зардап шеккен қазақстандық туристер елге жеткізілді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы