367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алексей Луценко – Азия ойындарының жеңімпазы

  • 283
  • UPD: 15:49, 23.08.2018

Бүгін Азия ойындарында велоспорттан топтық жарыс аяқталып, қазақстандық Алексей Луценко чемпион атанды, деп хабарлайды Olympic.kz

150 шақырымға созылған жарыс аса тартысты өтті. Әсіресе мәреге жақындаған тұста медальға үміткер бес спортшы барын салды. 

Алексей Луценко екі жапондық және екі таиландтық велоспортшының көрсеткен қысымына қарамастан, мәре сызығын бірінші болып кесті. Луценконың уақыт көрсеткіші – 3:25:25.

Күміс жүлде – Жапония, қола жүлде Таиланд спортшысының еншісінде.

Велоспортшы Қазақстан қоржынына Азия ойындарындағы екінші алтын медальді салып отыр.

Осы категория бойынша: « Елбасы елшілерден сенім грамоталарын қабылдады Елбасының Атырау қаласына жұмыс сапары басталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы