365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет басшысы Алматы қаласының индустриялық аймағын аралады

  • 214
  • UPD: 15:34, 04.09.2018
Мемлекет басшысы Алматы қаласының индустриялық аймағын аралады akorda.kz

Қазақстан Президентіне Алматы қаласының индустриялық аймағындағы жұмыс нәтижелері мен оны дамытудың перспективалық жоспарлары жөнінде мәлімделді.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Нұрсұлтан Назарбаев жоғары технологиялы ток өткізгіш кабель өнімдерін шығаратын «КМК Investment» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік циклімен, сондай-ақ дайын өнім үлгілерімен танысты.

Кәсіпорын жұмысшыларымен әңгімелескен Елбасы өндірісте еуропалық сапаға сай бәсекеге қабілетті өнім шығаруға мүмкіндік беретін заманауи технология мен құрылғылар қолданудың маңыздылығын атап өтті.

Мемлекет басшысы «Tokyo Rope Almaty» жауапкершілігі шектелу серіктестігінің зауытында металл габион торын жасайтын автоматтандырылған өндіріспен танысып, дайын өнім үлгілерін көрді.

Осы категория бойынша: « ҚР Президенті «Falcon Eurobus» ЖШС-нің жұмысымен танысты Нұрсұлтан Назарбаев Алматының бас жоспарымен танысты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы