365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан БҰҰ-ның бітімгерлік операцияларына үлесін арттыруға ниетті

  • 452
  • UPD: 11:38, 14.09.2018
Қазақстан БҰҰ-ның бітімгерлік операцияларына үлесін арттыруға ниетті mfa.gov.kz

Қазақстан Үндістанмен бірге Ливанда өз контингентін орналастыру және Біріккен Ұлттар Ұйымының қазақстандық «КАЗЦЕНТ» бітімгерлік оқу-жаттығу орталығын сертификаттауы арқылы БҰҰ-ның бітімгершілік операцияларына өз үлесін арттыруға ниетті.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің БҰҰ-ның бітімгерлік қызметін реформалау жөніндегі отырысында мәлімдеді.

Отырыс барысында Қазақстан Елшісі сапалы өзгерістерді, БҰҰ-ның бітімгерлік жүйесін бағалаудың инновациялық тәсілдері мен жаңа критерийлерін қолдану қажеттілігін атап өтті. Ол бітімгерлік қызмет тиімділігін арттырудың негізгі шарттарының бірі ретінде БҰҰ-ның барлық құрылымдарының үйлестігін нығайту және есеп беруді қамтамасыз етуге назар аударды. 

Осы категория бойынша: « Мемлекет басшысы Түркияға ресми сапарының қорытындысы бойынша БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді Қазақстанда емханаға тіркеу науқаны басталады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы