366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Д.Кәлетаев: Азаматтық қоғамды дамыту үшін шетелден көмек алуды тоқтату керек

  • 464
  • UPD: 13:54, 04.10.2018

Қазақстанда азаматтық қоғамды дамыту үшін шетелден донорлық көмек алуды тоқтату керек.

Бүгін сала министрі Дархан Кәлетаев азаматтық қоғамды дамытуға арналған алғашқы ұлттық тыңдаулар барысында осылай деп мәлімдеді. Айтуынша, қазірдің өзінде мұндай қаржылық қолдаудың көлемі қысқарып отыр. Себебі, Қазақстанда жан басына шаққанда ішкі жалпы өнімнің мөлшері артты. Осы орайда мықты үкіметтік емес ұйымдарға басымдық беру қажеттігіне қатысты пікір де айтылды. Өйткені бұл ұйымдар тың идеяларды ұсынып, шетелдің тәжірибесін жақсы қолданып келеді. Сонымен бірге министр азаматтық қоғамға үкіметтік емес ұйым ретінде қараудың қажеті жоқ екенін тілге тиек етті.

Дархан Кәлетаев, ҚР Қоғамдық даму министрі:

- Қазір кез келген азаматтың өз ойын, пікірін білдіруге толық мүмкіндігі бар. Азаматтық бастама өте жоғары деңгейге көтерілді. Қазір кез келген азаматқа қоғам ұйымды ресми тіркеудің де қажеті жоқ. 4-5 азамат бірігіп, бір тақырыпты шығарып, оны бүкіл ел болып, ол тақырыпты талқылап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы