365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі орталық құрылуы мүмкін

  • 543
  • UPD: 23:50, 10.10.2018

Бүгін Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі шымылдығын түрді. Сол жиында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тиісті бастама көтерді, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасының тілшісі.

Президенттің төрағалығымен өткен басқосуда діни келісімнен бөлек, геосаяси шиеленіс, санкциялық текетірестер, аштық пен жұмыссыздықтың артуы сынды жаһан жұртына ортақ мәселелер күн тәртібіне шығарылды.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының алғашқы съезі 2003 жылы ұйымдастырылды. Содан бері келелі кездесулер әрбір 3 жыл сайын тұрақты жалғасын тауып келеді. Оған қатысушы мемлекеттер саны 40-тан, ал ұйымдар тізімі 80-нен кем болған емес. Жалпы, съезд тарихы 15 жылдық кезеңді қамтиды. Енді ол туралы Бейбітшілік және келісім сарайында ашылған жаңа музейде жан-жақты мәлімет алып, мән-маңызын тереңінен түйсінуге болады. Бүгін оны Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен мәртебелі меймандар арнайы аралап көрді.

Ислам, христиан, буддизм, иудаизм, индуизм, даосизм және зороастризм. Осынша дін көшбасшыларының Бейбітшілік және келісім сарайында бас қосуы – жер шарындағы тұрақтылықты сақтауға бағытталған негізгі қадамдардың бірі. Өйткені әрқайсысы ұлт пен ұлысты ұйыстырып, жаһан жұртын ортақ мақсат-мүддеге жұмылдыра алатын күш. Олар үшін береке-бірлікті ту ету, зұлымдыққа қарсы күресу – ортақ ұран.

VI съезд Ахмет Жұбановтың «Ақ көгершін» әнімен басталды. Қазақ композиторының шығармасын 500-ден астам адамнан құралған хор орындады. Сан түрлі ұлттың өкілі әуезді әуенге тербеліп, қазақ руханиятының айрықша лебін сезінді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сол ұлтты ұйыстырып, мызғымас мемлекет қалыптастыра білген бірден-бір тұлға ретінде әлемдегі қауіпсіздікке қатысты жаңа бастамаларын жария етті. Алғашқы ұстаным ақпараттық технологиялардың мүмкіндігін тиімді пайдалана білуді көздейді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Первое – в эру информационного общества мы должны использовать все преимущества новых технологий, чтобы вместе продвигать идеи мира и согласия на глобальном уровне. Для этого предлагается создать на базе нашего съезда информационный портал. Его задача – помогать изучению и применению методов укрепления устойчивости к любым проявлениям радикализма, насилия в целом. Он может стать площадкой для работы с аудиторией верующих людей в глобальном формате.

Бұл бастама съезд жұмысын өміршең етудің де амалы. Оның базалық негізі қалыптасып, алқалы жиындарда көтерілген бастамалар аяқсыз қалмайды деген сөз. Ал екінші ұстаным қауіпсіздік жолындағы қам-қарекеттерді жаңа деңгейге көтеруге жол ашады. Ол үшін дін көшбасшыларына жүктелетін міндет де ауқымды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Мы достаточно используем огромный потенциал, который заложен в нашем с вами устремлении по обеспечению мира на земле. Необходимо выходить на новый уровень взаимодействия. Речь идет о применении огромных возможностей духовных лидеров, религиозных организаций для налаживания конструктивного диалога между конфликтующими сторонами. Предлагаем всем духовным лидерам обратится к мировому сообществу, к людям, государствам с призывом о мире и безопасности. Его можно было бы облечь в форму фетвы и других посланий, обращений, согласно практики каждой религии.

Ал үшінші бастама білім көкжиегін кеңейтуге септігін тигізуі мүмкін. Жер жаһандағы сауаттылық мәселесі шешімін тапса, қарама-қайшылықтарға қашан да жол берілмейді. Тәрбиесіз берілген білімге де тосқауыл қоюға болады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Третье. До сих пор одной из глобальных проблем остается отсутствие доступного образование для всех. В мире 750 млн человек сегодня не умеют писать и читать. Нельзя преодолеть бедность и нищету без массового приобщения к знаниям и наукам. Именно образование является основой устойчивого иммунитета к идеям радикализма в любых его проявлениях. Здесь чрезвычайно важное значение имеет и религиозное образование. Сейчас его платформой активно пользуются различные псевдорелигиозные организации. Поэтому мировые и традиционные религий могли бы проводить работу по разделению религиозных ценностей от политических идеологий.

Әлемдік державалардың милитаристік көзқарасы да Мемлекет басшысы айтып жүрген өзекті жайттардың бірі. Өйткені оның соңы алапат соғысқа әкеп соғуы мүмкін.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Четвертое, успех модернизации системы глобальной безопасности зависит от способности мирового сообщества преодолеть милитаристское мышление, связанные с ним опасные анахронизмы. Надо оставить в прошлом деление стран на военные блоки, существование которых становится провоцирующим и бессмысленным. Свое видение общемировых антивоенных мер я изложил в своем манифесте «Мир. 21 век», который предлагает построение к столетнему юбилею Организации Объединенных Наций мира без ядерного оружия.

Мы имеем на это моральное право – Казахстан закрыл мощнейший в мире ядерный полигон, отказался от четвертого по мощности в мире ядерно-ракетного арсенала. Если международное сообщество, включая религиозных лидеров, поддержит предлагаемые нами действия, эта цель, я думаю, может быть осуществима.

Как известно, мы вносим свой посильный вклад в урегулирование сирийского конфликта, в том числе путем предоставления площадки для проведения переговоров. Мы постоянно работаем над решением проблемы Восточной Украины. При конфликте России и Турции Казахстан вмешался, чтобы наладить эти отношения. Мы готовы и дальше работать в этом направлении. Казахстан будет и впредь прилагать максимальные усилия по решению вопросов, связанных с региональной и глобальной безопасностью. Для совместной реализации озвученных инициатив я готов учредить Центр по развитию межконфессионального и межцивилизационного диалога.

Қазақстан өз бастамаларын нақты іс жүзінде дәлелдеп келеді. Бұған бір шаңырақ астында сан түрлі ұлт өкілінің тату-тәтті тіршілік етуі айқын мысал. Ол аз десеңіз....

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Астана стала известна всему мировому сообществу, как точка притяжения миротворческих процессов, объединяющих инициатив. Для нашей столицы характерен особый дух солидарности, взаимоуважения и толерантности. Все это важно, поскольку мир к большому нашему сожалению вошел в турбулентное состояние. Всех нас – и политиков, и религиозных деятелей не могут не беспокоить санкционные противостояния, межрелигиозные противоречия, торговые войны. Межцивилизационные конфликты выглядят абсурдно на фоне научно-технологического прогресса. Однако именно сейчас формируется облик будущего человечества. В каком состоянии мы сможем передать нашу общую планету грядущим поколениям – это главная цивилизационная проблема.

Жаңа ғасыр басталып, технологиялық төңкеріс жалғасын тапқалы бері сенімсіздік, білімсіздік, өзара текетірестер қайта белең алып келеді. Геосаяси блокқа бөліну жағдайы кейбір мемлекеттерді тығырыққа тіреп қойды. Бұл саяси мүдделердің бір арнаға тоғыспауының салдары.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Сотни тысяч, миллионы людей вынуждены оставлять свои родные места, бесчисленное множество других пропадает без вести. Количество беженцев на планете превысило 65 млн человек. Потери растут не только из-за прямых конфликтов. Расходуя силы и средства на столкновения, человечество не находит их для защиты людей. Каждый год в результате стихийных бедствий за чертой бедности оказывается 24 млн человек в среднем.

Жер шарында қалыптасқан жағдай да жаға ұстатпай қоймайды. Біріккен Ұлттар Ұйымының есебі бойынша, әлем халқының 14 пайызы аштықтың қамытын киіп, 190 миллион адам жұмыссыздыққа душар болған. Солардың арасынан радикализмге бейім жандардың шықпауына да ешкім кепілдік бере алмайды.

Шейх Мұхаммад Ахмад ат-Тайеб Әл-Ахзхар, жоғарғы имам (Мысыр):

- ХХІ ғасыр лаңкестікке қарсы күрес кезеңі болды. Бірақ соған тек ислам дінінің өкілдері кінәлі деген қате пікір қалыптасты. Бұл өте өкінішті жағдай әрі оған көбі сенетін болды. Мәселен, Батыста ислам мен терроризмді егіз ұғым деп санайды. Енді әлемге осы жағдайды өзгерте алатын жаңа саясат қажет. Негізінде барлығы басқаша. Статистика бойынша Еуропадағы джихадқа қатысы бар 400-дей отбасы балаларының 40 пайызы католицизмды ұстанса, тек 19 пайызы мұсылман дінінің өкілдері болып шықты.

Митрополит Волоколамский Иларион, орыс православ шіркеуі Мәскеу патриархаты бөлімінің төрағасы:

- Терроризм әртүрлі сипатта болуы мүмкін. Оған қарсы күресу үшін мемлекеттер жұдырықтай жұмылуы керек. Негізінде дін адамзат баласын махаббатқа, бейбітшілікке, мейірімділікке үндейді. Оған жауапты ұйымдар жастарды қауіп-қатерден сақтауы керек.

Қазақстан қоғамы да лаңкестікке қарсы күресті нәтижелі жүргізіп келеді. Ал дін жолында толеранттылық ұстанымы бірінші кезекте шешімін тапқан. Сондықтан съезге жиылған әртүрлі дін көшбасшылары Елбасына алғыс білдірді. Өз кезегінде Президент те меймандарға айрықша құрмет көрсетті. Мәселен, дінаралық диалогқа қосқан үлесі съездің бірінші сыйлығын Ватикан Папасының кеңесіне табыстады.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі жаһан бейбітшілігі жолында мақсаты бір, міндеті ортақ тұлғалардың өзара үнқатысу алаңы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Оған қатысушы мемлекеттер өкілдері қаншалықты көп болса, қауіпсіз әлем құру бастамалары соншалықты кең қолдауға ие болады. Бұл дегеніміз, жаһандық қауіп-қатер, құбылмалы саясат, экстремизм, терроризм сынды ең өзекті мәселелердің шешілуіне жол ашылады деген сөз. Ал Елбасы бастамасымен қолға алынған қазақстандық бастамалар айқын көрініс табады.

Авторы: Рауан Мыңбаев

Осы категория бойынша: « Мемлекет басшысы ресми сапармен Финляндия мен Бельгияға барады Алматыда Шерхан Мұртазамен қоштасу рәсімі өтті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы