364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада баспана үшін берілетін бір миллион теңгені кімдер ала алады?

  • 313
  • UPD: 14:06, 24.10.2018
Астанада баспана үшін берілетін бір миллион теңгені кімдер ала алады?

Тұрғын үй алу үшін денсаулық сақтау, білім, полиция және әлеуметтік қамтамасыз ету саласының жұмысшылары бір миллион теңгеден ала алады, деп хабарлайды Елорда Инфо әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласында көрсетілген сала қызметкерлерінің саны – 37 102 астам, оның ішінде тұрғын үйге мұқтаждар саны – 16 850 адамды құрайды.

«Табысы төмен деңгейді ескере отырып, аталған тұлғалардың тұрғын үй алуы үшін жеткілікті қаражат жинақтауды жүргізуге мүмкіндіктері жоқ. Осыған байланысты, қаланың муниципалды қызметтерінде білікті кадрлар корпусын құру мақсатында, өңірдің тұрғын үй саясаты іске асыруды көздейтін шаралар әзірленген. Көрсетілген іс-шаралар шеңберінде жоғарыда көрсетілген салалардың қызметкерлеріне 1 миллион теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек (тұрғын үй алу үшін көмек) берілетін болады», - дейді Астана қаласының Құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасының тұрғын үй саясаты бөлімінің бас маманы Айшагүл Сәбитбекқызы.

Көрсетілген 1 миллион сома қажетті ипотекалық қарыз алу үшін бастапқы жарна сомасының бөлігін төлеуге арналған.

Бұл жоғарыда көрсетілген сала қызметкерлерінің тұрғын үйге мұқтаждар санын азайту, сондай-ақ білікті кадрлар корпусын сақтауға мүмкіндік береді.

Осы категория бойынша: « «7-20-25»: Ипотека алғандардың 60%-ы айына 100 мың теңгеден кем төлейді Елбасы АҚШ-тың Сауда министрімен кездесті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы