371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Н.Назарбаев: Астана алып державалар үшін саяси диалог алаңын ұсынуға дайын

  • 258
  • UPD: 20:51, 13.11.2018

Астана алып державалар үшін саяси диалог алаңын ұсынуға дайын. Онда АҚШ, Ресей, Қытай және Еуроодақ елдері бас қосып, даулы мәселелерін шеше алады. Бүгін Астана клубының отырысында Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

Саяси ахуал, жаһандағы қауіпсіздік, санкциялық текетірес секілді өзекті тақырыптарға жеке тоқталған Президент кеңесіп пішкен тонның келте болмайтынын тағы бір мәрте қаперге салды.

Ғаламдық деңгейдегі саясаткерлердің бұл кездесуі келешекте әлемдік державалардың пікір алаңына айналуы мүмкін. Себебі, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Үлкен Еуразия идеясы осы келіссөз алаңын құруға ықпалын тигізіп отыр. Президент көтерген басты бастама АҚШ, Ресей, Франция және көшбасшыларының қазақ жерінде бас қосып, ядролық қаруды таратпау жөнінде өзара ынтымақтастық орнатуына жол ашпақ. 

Бұл дегеніміз әлемдік державалар көп жақты байланысқа сенбейді. Қазақстан дайын бұл жиынды өткізуге. 

Қазақстанның Кеңес Одағы тараған тұста ядролық қару қоры Ұлыбритания, Франция сынды мемлекеттерден молырақ болды. Бірақ, біздің ел таңдаған жол адамзат баласының қауіпсіздігін қорғауға бағытталды. Яғни, жойқын күшке ие бола тұра, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бастаған қазақ халқы әлемдік қауымдастыққа үрей құшағында өмір сүрудің емес, бейбітшілік жолында жарқын үлгі көрсетті. 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірімен әлемдік қауымдастықтың санаспаққа басқа амалы жоқ. Бұл ретте, келісіп пішілген тон келте болмайды деген ұлт даналығы ірі державалардың кез келген қарама- қайшылықты ұтымды шешуіне септігін тигізе алады. Астана клубының алаңына жиылғандар қонақжай қазақ елінің бұл тәмсілін тереңінен түйсіну қажеттігін айтады. 

Ахмет Давутоғлу, Түркияның бұрынғы премьер-министрі:

- Таяуда өткен Азия және Еуропа саммиті кезінде Нұрсұлтан Назарбаев айтқан ұсыныстар зор маңызға ие дегім келеді. Себебі, қырғи-қабақ соғыстардың болуы әлемдік қауіпсіздік жүйесінің ескіргенін білдіреді. Бұл жағдай өткен ғасырдың соңында байқала басталды. Сондықтан жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған жаңа тәсілдің қолданылуы кезек күттірмейді деп ойлаймын.  

Елбасының айтуынша, Біріккен Ұлттар ұйымы аясындағы ядролық қаруды таратпау келісімдерінің әсері азайып барады. Жер шарының түкпір-түкпірінде орналасқан жаппай жойқын қаруын ие мемлекеттер зымырандардың түр-түрін сынақтан өткізіп келеді. Мұның соңы үшінші дүниежүзілік соғысқа әкеп соғуы мүмкін. Мемлекет басшысының бастамалары сауда-соғысының салдарын жоюға да бағытталып отыр. Мәселен, АҚШ пен Қытай өзара ымыраға келуді доғарып, алыс-беріске шектеу қоюын тоқтатпаса басқа елдер экономикасы да зор шығынға ұшырауы ықтимал. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- В четвертых, торговые войны между США и Китаей. Это приведеть снижению роста мировой экономики. Бедность углубляется. 

Геосаясаттағы шиеленістердің қарапайым халық үшін беймәлім тұстары көп. Оның түйінін тарқату тек салмақты саясаткерлердің қолынан келеді. Отырыс барысында президент осы жәйтты ерекше атап өтті. 

Әлемде ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісім бар. Оған жер жаһандағы 129 мемлекет қол қойған. Бірақ, Франция мен Ұлыбритания сынды мемлекеттер тиісті шартқа қосылудан бас тартып келеді. Олардың бұл әрекеті енді халықаралық сот төрелігінде шешіледі. 

Президент көтерген тағы бір бастама дүниежүзілік сауда ұйымының талаптарын реформалау. Әлемдік қауіпсіздікке кері әсер еткен жүйелердің бірі осы. Сондай-ақ, Азияда өзіндік ұжымдық қауіпсіздік ұйымын құру да қазақ көшбасшысы ұсынып отырған маңызды бастама. Бұған қоса 2020 жылы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі конференцияны өткізу әлемдік геосаясаттың салдарын азайтуға сеп болуы тиіс.

Еуразиядағы қауіпсіздік конференциясын өткізуді ұсынамыз.  

Қазақстан алып құрлықтың қақ ортасында және қос бірдей державамен шекаралас орналасып-ақ, шартараптың түкпір-түкпірімен бейбіт байланыс орнатты. Солтүстіктегі көршімен Еуразиялық экономикалық одақ аясында әріптестікті арттырса, Шығыстағы Қытаймен инфрақұрылымдық жобаларды сәтті жүзеге асырып келеді. Оған қоса, Орталық Азиядағы Ауғанстанның жағдайын әрдайым басты назарда ұстап, аймақтық тұтастықты қамтамасыз етуге көп күш жұмсады.

Хамид Карзай, Ауғанстанның бұрынғы президенті:

- Ауған ретінде қазақ еліне алғыс айтқым келеді. Сіздер біздің ел жастарына мыңнан астам оқу грантын ұсындыңыздар. Соңғы екі айда біздің болашаққа деген үмітіміз қайда оянды. Талибанмен бітімгершілік келісім басталды. 

Жалпы Астана клубының биыл төртінші мәрте өтуі және оған әлемдік қауымдастықтың айрықша назар аудара бастауы қазақ елінің геосаяси жетістікке жеткенін білдіреді. Бұл біріншіден, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы белгілеген бағыт-бағдардың айқын нәтижесі. 

Авторлары: Рауан Мыңбаев, Жандос Битабаров

Осы категория бойынша: « Н.Назарбаев: Ресей мен АҚШ және Қытай арасындағы бақталастықты бақылау қиындап барады Мемлекет басшысы Түркияның бұрынғы премьер-министрі А.Давутоғлумен кездесті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы