376,06 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Айка» фильмі «Оскар» жүлдесіне іріктелген картиналар тізіміне ілікті

  • 435
  • UPD: 12:37, 18.12.2018

Режиссер Сергей Дворцевойдың «Айка» фильмі «Оскар» жүлдесінің тоғыз үміткер картинадан тұратын шорт-листіне ілікті.

Бұл туралы АҚШ киноакадемиясының ресми сайтында хабарланды.

«Айка» картинасы өнер додасына Қазақстан атынан қатысуда. Оның басты бәсекелестері: мексикалық Альфонсо Куаронның «Рим» атты фильмі, Каан кинофестивалінде «Алтын пальма бұтағын» алған жапониялық Хирокадзу Корээданың «Дүкен ұрылары» картинасы, польшалық режиссер Павел Павликовскийдің «Қырғиқабақ соғыс» картинасы, Ливан лентасы «Капернаум», неміс картинасы Never Look Away, даниялық «Кінәлі» фильмі және колумбиялық Birds of Passage лентасы. АҚШ киноакадемиясының жүлдесінен үмітті негізгі бес кинотуынды 22 қаңтарда аталады. «Оскар» жүлдесін табыс ету салтанаты 24 ақпанда өтеді.

Жалпы «Айка» фильмі қырғызстандық бойжеткеннің өмірін суреттейді, ол Мәскеуде астыртын жұмыс істеп, өмір сүреді. Күтпеген жерден аяғы ауыр болып қалған Айка, баласын перзентханаға тастап кетеді. Уақыт өте келе оның аналық сезімі оянып, ұлын іздей бастайды. Драмадағы басты рольді отандасымыз Самал Еслямова сомдады.

Еске сала кетсек, Самал Еслямова осы рольмен биылғы мамырда 71-Канн кинофестивалінде «Үздік әйел ролі» номинациясында жеңімпаз атанған еді.

Хабар 24 телеарнасы