376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде «Цифрлық Қазақстан» аясында бос жұмыс орыны көбейген

  • 583
  • UPD: 23:30, 06.01.2019
Елімізде «Цифрлық Қазақстан» аясында бос жұмыс орыны көбейген

Өткен жылы аталған бағдарламаны жүзеге асыру барысында 785 мың бос жұмыс орыны жарияланды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«2018 жылы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру барысында 785 мың бос жұмыс орны жария етілді. Оның 351 мыңы enbek.kz порталында орналасса, қалған 433 мыңы халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жарияланды. Өткен жылы бағдарлама аясында 409 мың адам жұмыспен қамту орталығы арқылы еңбекпен қамтылды, ал 107 мың адам enbek.kz порталы арқылы жұмысқа орналасты», - деп жазылған министрліктің Фейсбук парақшасында.

Еңбекпен қамтуда сан жағынан көш бастап тұрған Ақтөбе, Алматы, Жамбыл және Қарағанды облыстары, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалалар да алда келеді.

Хабар 24 телеарнасы