389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда кей борышкерлердің ипотекалық қарызы кешірілуі мүмкін

  • 1146
  • UPD: 12:44, 29.01.2019

Ипотекалық қарыз кешіріле ме?

Бұл санатқа I және II топтағы мүгедектер, Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғалардың, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар мен қайтыс болған ата-анасынан ипотека мұраға қалған кәмелетке толмаған балалар жатады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әзірге бағдарлама қарастырылу үстінде. Ұлттық банк жанынан құрылған жұмысшы тобының мүшелері екінші деңгейлі банктер мен бас қаржы реттеуші бастамаға келіскенін жеткізді. Нақты шешім алдағы күндері белгілі болады. Айтпақшы, елдегі әрбір төртінші борышкер банктен қарызды баспана алу үшін алған.

 

Елорда көшелерінде биыл жаздан бастап электрлі көліктер қатынамақ

2023 жылы әлемдегі электр автобустардың үлесі 30% артады. Ал Қазақстанда, атап айтқанда, елорда көшелерінде биыл жаздан бастап электрлі көліктер қатынамақ. Сарапшылар жанар-жағармай бағасының құбылуына қарағанда, осындай көлік анағұрлым тиімді екенін айтады. Әрі ауаға келтірер зияны шамалы. Бүгінде көлік құрастырушылар электрлі және гибридті көлік шығаруға ден қоюда. Бірақ өндіріс арзанға түспейді, сол себепті қуаттылық төмендеу.

- Еліміздегі электрлі көлік шығару үлесі қандай болмақ? Нақты жоспар бар ма?

Сарапшылар алдағы бес жылда электромобильдер елдегі автопарктердің 20% қамтиды деп болжауда. Жасыл экономикаға ден қойып жатқан Қазақстан үшін бұл меже қолжетімді деп ойлаймын.

 

Зергерлік бұйымдардың 5% ғана отандық өнім

Зергерлік бұйымдар дүкенінде сатылып жатқан алтын әшекейдің 5 пайызы ғана өзімізде шығарылады. Есесіне, нарықтағы әшекей бұйымдар мен бағалы тастардың дені шетелден заңсыз жолмен әкелінген. Бұйымдардың 90% контрафакт екенін белгілі. Әсіресе, Түркия, Үндістан, Таиланд бұл тұрғыда белсенді. Ал Қытайдан табиғи өнімнен айнымайтын жасанды асылзаттар тасымалдануда. Жалпы ел аумағындағы зергерлік нарық айналымы 300 млрд теңге. Қаржылық қадалағау комитетінде зергерлік саламен айналысатын заңды 300 шеберхана мен компаниялар тіркелген. Бірақ олардың саны 20 мыңнан асуы ықтимал. Көлеңкелі кәсіптің көрінісі осындай. Негізі қазақстандықтардың тарапынан ресейлік бағалы заттарға сұраныс көп. Нарықтағы өнімнің 60% көршілер өндірген. 30% түріктердікі. Жалпы ЕАЭО-да сапасыз әрі заңсыз өнімді саудалайтын кәсіпкерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылса, елімізде айыптылар кінәсін айыппұлмен ғана жуып отыр.

Бүгінде зергерлер отандық алтын өндіретін компаниялардан шикізат алмайды. Оған құн салығының қосылуы себеп. Бұл да өз кезегінде өнімнің бағасын еселеуге әкеп соғады. Десе де, әлемде зергерлік өндіріс арқылы экономикасын реттеген 40-тан астам ел бар. Израиль, Үндістан, Щвейцария, Польша, АҚШ, Жапония, Шри-Ланка, Қытай солардың қатарында.

 

Елімізде оңтүстік өңірлердегі тұрғындарды солтүстікке көшіру үрдісі жалғасуда.

Биыл «Еңбек» бағдарламасы аясында бұл мақсатқа 1 млрд теңгеден аса қаражат бөлінбек. «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау» министрлігіндегілер қаржының көшу, жалдамалы тұрғын үй алу және коммуналдық шығындарды өтеуге жұмсалатынын жеткізді. Жалпы жыл сайын қоныс ауыстыруға ниетті азаматтар көбейіп келеді. Болжам бойынша биыл 7500-нан аса адам қоныс аударады. Өткен жылы олардың саны 5000-ға жуықтаған. Оңтүстіктегілердің дені Павлодар облысына қоныс аударған. Одан кейін СҚО, Шығыс Қазақстан және Қостанай облысына тұрақтапты. Бұған қоса, 9 мың оралман елге оралу мүмкіндігін алмақ. Алдағы үш жылда бұл үшін 6,4 млрд теңге қарастырылып отыр.

KASE-дегі деректерге сүйенсек, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 379 теңге 10 тиынды құрады.

Хабар 24 телеарнасы