378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Конституциялық кеңес Президент өтінішін қабылдады

  • 600
  • UPD: 12:18, 06.02.2019

Конституциялық кеңес Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өтінішін қабылдады.

Мемлекет басшысы кеңес мүшелерін Президент өкілеттілігіне қатысты Ата заңдағы 42-баптың 3-тармағына ресми түсіндірме беруді сұрады. Онда былай делінген: «Республика Президентінің өкілеттігі жаңадан сайланған Республика Президенті қызметіне кіріскен кезден бастап, сондай-ақ Президент қызметінен мерзімінен бұрын босатылған немесе кетірілген не ол қайтыс болған жағдайда тоқтатылады. Қызметінен кетірілгендерден басқасының Республиканың бұрынғы Президенттерінің бәрінің Қазақстан Республикасының экс-Президенті деген атағы болады». Елбасының өтініші Конституциялық Кеңестің отырысында қаралады.

Хабар 24 телеарнасы