389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хоккейден Қазақстан құрамасы мерзімінен бұрын әлем чемпионы атанды

  • 503
  • UPD: 22:35, 05.05.2019
Хоккейден Қазақстан құрамасы мерзімінен бұрын әлем чемпионы атанды olympic.kz

Хоккейден Қазақстан құрамасы өз айдынында өтіп жатқан әлем чемпионатының бірінші дивизионында мерзімінен бұрын жеңімпаз атанды.  

Себебі, Нұр-Сұлтандағы «Барыс-Аренада» өткен ойында Оңтүстік Корея құрамасы Сан Хун Синның покерінің арқасында Беларусьтен басым түсті – 4:1. 

Төрт ойыннан кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 11 ұпай бар. Ал белорустар барлық бес матчта 10 ұпай жинап, екінші орынға тұрақтады. Үшінші орын Оңтүстік Кореяға бұйырса, Словенияда – 6 ұпай, Венгрия мен Литвада үш ұпайдан бар.

Қазақстан мен Венгрия арасындағы кездесу 19:30-да басталады.

Хабар 24 телеарнасы