378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі бірқатар өңірде ауа райы туралы ескерту жарияланды

  • 281
  • UPD: 23:56, 18.05.2019
Еліміздегі бірқатар өңірде ауа райы туралы ескерту жарияланды

19 мамырда Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Түркістан қаласында күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

19 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, бұршақ жауады. Өңірде дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Түнде кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, 23-28 м/с дейін жетеді. Петропавл қаласында осы күні найзағай жарқылдап, бұршақ жауады. Қалада дауыл тұруы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.          

19 мамырда күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с сақталады.

19 мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде күндіз 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қаласында осы күні найзағай жарқылдап, батыстан жел соғады. Желдің қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.

19 мамырда Ақмола облысында найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батыстқа ауысады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с. Нұр-Сұлтан қаласында түнде 19 мамырда найзағай ойнайды. Таңертең және күндіз солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні - 15-20 м/с.

19 мамырда Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан cоғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде екпіні 15-20, күндіз 25 м/с жетеді. Осы күні Өскемен қаласында күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан cоғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, 15-20 м/с дейін жетеді. Ал Семей қаласында күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан cоғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, 15-20 м/с дейін күшейеді.

Хабар 24 телеарнасы