387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева қамауға алынды

  • 804
  • UPD: 18:12, 06.06.2019

Еліміздің Білім және ғылыми вице-министрі екі айға қамауға алынды.

«Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Эльмира Суханбердиеваны тамыздың екісіне дейін қамауға алу түріндегі бұлтарпау шарасын таңдады», - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

Естеріңізде болса, бұған дейін Ұлттық бюроның білім және ғылым вице-министріне қатысты қылмыстық іс қозғаған еді. Күдіктіге қандай айып тағылғаны әзірге белгісіз.

Ботагөз Баянова, Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз хатшысы:

- Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Эльмира Суханбердиеваға қатысты 2 ай мерзімге, тамыздың екісіне дейін қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарына қатысты мәліметтер жариялануға жатпайды.

Хабар 24 телеарнасы